|
|
|
Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы (2013.30.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 25 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 14) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми дәрежелер беру ережесі бекітілсін. 2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына 1-қосымша
Ғылыми дәрежелер беру ережесі
1. Осы ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабы 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және докторантураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысын (бұдан әрі - диссертация) ұсынған докторанттарға ғылыми дәрежелер беру тәртібін белгілейді. 2. Диссертация философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасының нақты бір мамандығы бойынша біліктілікті айқындайтын ғылыми еңбек болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |