Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын және жылдың қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 115 қаулысымен бекітілген
Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|