Ақпарат саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы (2022.21.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022.21.01. № 16 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Мемлекеттік көрсетілетен қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке қою, қайта есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|