2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Осы редакция 2020 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 8-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 247 263 113 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 26 285 747 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 1 299 128 мың теңге; трансферттер түсімдері - 219 678 238 мың теңге; 2) шығындар - 247 242 040 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 3 338 383 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 6 024 731 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 2 686 348 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 90 000 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3 407 310 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 3 407 310 мың теңге. 2. Облыстық бюджетке және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кірістерді бөлудің нормативтері келесі мөлшерде белгіленсін: 1) ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша - 100%; 2) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша - 100%; 3) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне әлеуметтік салық бойынша - 100%. 3. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте Көкшетау қаласының бюджетінен 4 453 318 мың теңге сомасында бюджеттік алып қоюлардың қарастырылғаны ескерілсін. 4. 2020 жылға арналған облыстық бюджет кірістерінің құрамында республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер 4-қосымшаға сәйкес ескерілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|