|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., 5-6, 48-құжат; 2004 ж., 23, 142-құжат; 2006 ж., 24, 148-құжат; 2011 ж., 1, 2, 7-құжаттар; 11, 102-құжат; 2013 ж., 14, 75-құжат; 2014 ж., 1, 4-құжат; 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2016 ж., 1, 2-құжат; 2018 ж., 19, 62-құжат; 23, 91-құжат; 24, 93-құжат; 2020 ж., 10, 41-құжат): 1) 1-баптың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «радиациялық қауіпсіздік - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес персоналға, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің қасиеттері мен сипаттамаларының жай-күйі;»; 2) 3-баптың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «авариялық оңтайландыру қағидаты - төтенше (авариялық) жағдайларда қолданылатын шаралардың нысаны, ауқымы мен ұзақтығы радиациялық авария салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың зиянға қарағанда пайдасы көп болатындай етіп оңтайландырылуға тиіс.»; 3) 5 және 6-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 6-бап. Мемлекеттік органдардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құзыреті 1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне мыналар жатады: 1) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында көзделген халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту; 3) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту; 4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыретіне мыналар жатады: 1) халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; 2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының кеден органдары және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.»; 4) 8-баптың 2-тармағындағы «, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі және оны атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді» деген сөздер алып тасталсын; 5) 14-бап «сондай-ақ» деген сөзден кейін «табиғи және» деген сөздермен толықтырылсын. 2. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 14, 68, 72, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 6 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 6 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 2-тармақтың 1) тармақшасының бірінші - төртінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1) 1-қосымшада: 19-жол алып тасталсын; 21 және 23-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «
»; «
»; 2-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 25-жол алып тасталсын; 26-жол мынадай редакцияда жазылсын: «
»; 2) 2-қосымшаның 87-4-жолы мынадай редакцияда жазылсын: «
». 3. «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 1, 1-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 21-22, 90, 91-құжаттар; 2020 ж., № 10, 41-құжат): 1) 1-баптың 1), 5) және 23) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) алып қою деңгейі - ядролық материалдардың, радиоактивті заттар мен электрофизикалық қондырғылардың сипаттамаларын айқындайтын, уәкілетті орган белгілеген физикалық шама мәндері;»; «5) атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеу - атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді салу, реконструкциялау, дайындау, алу, беру, жеткізу, иелену, пайдалану, пайдаға асыру, пайдалануға беру және пайдаланудан шығару, қайта өңдеу, монтаждау, жөндеу, техникалық қызмет көрсету, зарядтау, қайта зарядтау, бөлшектеу, кәдеге жарату, консервациялау, тасымалдау, импорттау, экспорттау, активсіздендіру, кейіннен кәдеге жарату, сақтау, көму кезінде олармен қолмен жасалатын және (немесе) автоматтандырылған операциялардың, әрекеттердің жиынтығы;»; «23) радиациялық қондырғы - өзіне қатысты үй-жайларды, құрылысжайлар мен жабдықтарды қоса алғанда, ядролық материалдармен және (немесе) радиоактивті заттармен жұмыс істеу жүзеге асырылатын, ядролық болып табылмайтын арнайы қондырғы;»; 2) 3-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасына;»; 3) 5-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекітеді;»; 4) 6-бапта: 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 15) тармақша алып тасталсын; 16) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «16) ядролық материалдарды, радиоактивті заттар мен радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; «18) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлейді;»; 26) тармақша алып тасталсын; 31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «31) атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиялауға жататын ядролық материалдар, радиоактивті заттар мен электрофизикалық қондырғылар үшін алып қою деңгейлерін белгілейді;»; 5) 7-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «нұсқама» деген сөз «акт» деген сөзбен ауыстырылсын; 6) 7-1-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқаманың орындалмауы.»; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, лауазымды адамдар осындай бұзушылықты жою туралы нұсқама береді. Тексерілетін субъектінің қызметі, тауары (жұмысы, көрсететін қызметі) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін жағдайларда, қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы акт беріледі.»; 21-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады.»; 22-тармақта: бірінші бөліктегі «нұсқамада» деген сөз «актіде» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «осы нұсқаманы» деген сөздер «осы актіні» деген сөздермен ауыстырылсын; 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «23. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқама және (немесе) қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы акт қадағалау субъектісінің басшысына не оның уәкілетті адамына осы баптың 17-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен табыс етіледі.»; мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын: «23-1. Қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба жүргізіледі және хаттама жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар мен қадағалау субъектісінің басшысы не оның уәкілетті адамы қол қояды. Қадағалау субъектісінің басшысы не оның уәкілетті адамы бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы актіні алудан бас тарту қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы актінің орындалмауына негіз бола алмайды. Қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы акт хаттама жасалған кезден бастап табыс етілді деп есептеледі.»; 24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «24. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқама және (немесе) қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы акт оларды алған кезден бастап орындау үшін міндетті болып табылады. 25. Лауазымды адамдар беретін Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқамаға және (немесе) қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы актіге жоғары тұрған лауазымды адамға және (немесе) сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.»; 7) 8-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «9) уәкілетті органға ядролық, радиациялық немесе ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты жүйелердегі, жабдықтардағы, ядролық қондырғының жобалау және пайдалану құжаттамасындағы кез келген көзделіп отырған өзгерістер туралы хабар беруге;»; 8) 9-бапта: 3-тармақтың 8) тармақшасының екінші - жиырмасыншы абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1-тармақта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялар мынадай қызмет түрлеріне беріледі: 1) атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау; 2) ядролық материалдармен жұмыс істеу; 3) радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу; 4) иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу; 5) атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету; 6) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу; 7) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондандырушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау; 8) бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызмет.»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Лицензия мынадай қызмет түрлеріне берілмейді: 1) алып қою деңгейінен төмен ядролық материалдармен жұмыс істеу; 2) алып қою деңгейінен төмен радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу; 3) алып қою деңгейінен төмен, иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлері үшін лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу өтінішін қарау мерзімі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.»; 3-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат талаптарына сай келуін тексеру кезінде құжаттардың түпнұсқасының болмауы рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.»; 5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқамалар белгіленген мерзімдерде орындалмаған кезде алты айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.»; 9) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Заңды тұлғалар ғана радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядролық қондырғылардың, радиациялық қондырғылардың меншік иелері бола алады.»; 10) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін салудың, реконструкциялаудың, пайдаланудан шығарудың жобалау құжаттары міндетті түрде экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардан өткізіледі.»; 11) 16-баптың 2-тармағы «байланысты» деген сөзден кейін «, оның ішінде авариялық жағдайлармен байланысты» деген сөздермен толықтырылсын; 12) 17-баптың 3-тармағындағы «радиоактивті қалдықтардың түзілуіне» деген сөздер «олардың түзілуіне» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 21-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персонал біліктілігі мен кәсіптік даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкес келуіне уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестаттаудан өтеді.»; 3-тармақта: бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау, ядролық материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін, радиоактивті қалдықтарды есепке алу және бақылау лауазымдық міндеттеріне кіретін ядролық қондырғы персоналын;»; екінші бөлік «тұлғалар» деген сөзден кейін «атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) қайта аттестаттау.»; 5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қайта аттестаттау бастапқы немесе мерзімді немесе кезектен тыс аттестаттау қорытындысы бойынша теріс нәтиже алынған жағдайда тағайындалады.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Жұмыскер бастапқы немесе мерзімді немесе кезектен тыс аттестаттау нәтижелері бойынша теріс қорытынды алған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қайта аттестаттау нәтижелерін алғанға дейін жұмысынан шеттетіледі. Қайта аттестаттау қорытындысы бойынша біліктілігінің және кәсіптік даярлығының жеткіліксіздігі салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмейтіні туралы теріс қорытынды алған жұмыскермен еңбек шарты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тоқтатылады.»; 14) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «4-тарау. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасы. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу»; 15) 24 және 25-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «24-бап. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасы 1. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасы радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядролық қондырғылардың, радиациялық қондырғылардың қауіпсіздігін олар ықтимал қауіп төндіруі мүмкін бүкіл уақыт кезеңіне тәуелсіз бағалауды жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі. 2. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасы ядролық, радиациялық және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты жүйелерде, жабдықтарда, ядролық және радиациялық қондырғылардың жобалау және пайдалану құжаттамасында өзгерістер болған кезде қайта жүргізіледі. Пайдаланушы ұйым уәкілетті органды және ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын бұрын жүргізген сараптама ұйымын ядролық және радиациялық қондырғының жобалау және пайдалану құжаттамасын ұсына отырып, жоспарланып отырған өзгерістер туралы бір мезгілде жазбаша хабардар етеді. 3. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын осы қызмет түрін жүзеге асыруға уәкілетті органда аккредиттелген ұйымдар жүргізеді. Бұл ретте пайдаланушы ұйымның лауазымды адамдарымен жақын туыстық немесе жекжаттық қарым-қатынаста тұрған адам, сондай-ақ пайдаланушы ұйыммен еңбек қатынастарында немесе өзге де шарттық қатынастарда тұрған жеке тұлғалар сарапшы бола алмайды. 4. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасына құжаттарды пайдаланушы ұйым ұсынады. 5. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу нәтижелері бойынша сараптама объектісін іске асыру жөнінде шешім қабылдауға жол беру мен ықтималдық туралы қорытынды беріледі. 6. Сараптаманың теріс қорытындысын алу сараптама қорытындысында көрсетілген барлық ескертулерді жойған пайдаланушы ұйымды сараптама жүргізу үшін қайта өтініш беру құқығынан айырмайды. 7. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын қаржыландыру пайдаланушы ұйымның қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады. 25-бап. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасының объектілері Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасына мыналар жатады: 1) радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядролық қондырғыларды, радиациялық қондырғыларды орналастыру және салу алаңдарын таңдау жөніндегі жобалау құжаттамасы;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |