|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы (2018.02.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2015 жылғы 2 тамыздағы № 342-V ҚР Заңын қараңыз (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 2015 жылғы 24 қарашадағы № 422-V ҚР Заңын қараңыз (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі); 2018 жылғы 2 шілдедегі № 168-VI ҚР Заңын қараңыз (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 4-бап. Қаржы рыногында уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу 5-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер 2-тарау. Уәкілетті органның мәртебесі, міндеттері, функциялары және өкілеттіктері 8-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi 9-бап. Уәкiлеттi органның функциялары мен өкiлеттiктерi 9-1-бап. Өкілдің мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері 9-2-бап. Қашықтықтан қадағалау 10-бап. Банк қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi 11-бап. Сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi 12-1-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингі 14-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкiлеттiктер 17-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртiбi
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «бірыңғай тіркеуші», «бірыңғай тіркеушінің» деген сөздер «тіркеуші», «тіркеушінің» деген сөздер деп есептелсін
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушы - қаржылық ұйымның қызмет көрсетуiн пайдаланушы, сондай-ақ өз қаражаттарын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға; 2) қаржы рыногындағы кәсiби қызмет - қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызмет; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) қаржылық ұйым - қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 5) қаржы рыногы - қаржылық қызмет көрсету мен тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарының шығарылуына және айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы; 07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); ҚР 2006.05.07. № 164-III (бұр.ред.қара) Заңымен 6) тармақша өзгертілді; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда 6) қаржылық көрсетілетін қызметтер - сақтандыру нарығына, бағалы қағаздар нарығына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына қатысушылардың қызметі, банк қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі, сондай-ақ: бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының; Үшінші абзац 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады тіркеушінің; орталық депозитарийдің; мемлекетке тиесілі немесе оларға қатысты мемлекеттің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстау функцияларын жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың; өзара сақтандыру қоғамдарының лицензиялауға жатпайтын қызметі; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды 7) қаржы өнімі - бұл қаржы нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсыну үшін қаржы ұйымы әзірлеген көрсетілетін қызмет.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары, қағидаттары мен мiндеттерi 1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары: 1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау; 2) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) қаржы рыногында адал бәсекенi қолдауға бағытталған қаржылық ұйымдардың қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары: 1) реттеудің ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану; 2) қаржы ұйымдары қызметінің және қаржылық қадағалаудың ашықтығы; 3) қаржы ұйымдарының жауапкершілігі болып табылады. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың міндеттері: 1) қаржылық ұйымдар қызметiнiң стандарттарын белгiлеу, қаржылық ұйымдарды корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру жағдайларын жасау; 2) қаржы жүйесіндегі тұрақтылықты сақтау мақсатында қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың мониторингi; 3) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы рыногының қауiпке неғұрлым бейiм салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, сондай-ақ тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
4-бап. Қаржы рыногында уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу 1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген тиiстi лицензиясы жоқ тұлғалардың қаржы рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруына жол берiлмейдi. 2. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясынсыз жасалған қаржылық қызмет көрсету бойынша мәмiлелер жарамсыз болып табылады.
5-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер Уәкiлеттi органның қаржылық ұйымдар үшiн олардың қаржы тұрақтылығын және қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында белгiлейтiн экономикалық шектеулер пруденциялық нормативтер болып табылады. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда уәкiлеттi орган пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi шоғырландырылған негiзде белгiлеуге құқылы.
6-бап. 2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-тарау. Уәкілетті органның мәртебесі, міндеттері, функциялары және өкілеттіктері
7-бап. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi 1. Уәкiлеттi органның мiндеттерi: 1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеу жөніндегі шараларды iске асыру; 2) қаржылық ұйымдардың тиiстi түрлерiнiң адал бәсекелестiк принциптерiнде жұмыс iстеуi үшiн тең жағдай жасау; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) қаржы ұйымдарының қызметiн реттеу, бақылау және қадағалау стандарттары мен әдiстерiнiң деңгейiн арттыру, олар қабылдаған мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды пайдалану болып табылады. 2. Уәкiлеттi орган осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген өзге де мiндеттердi iске асыруды қамтамасыз етедi.
11.06.04 ж. № 562-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді 9-бап. Уәкiлеттi органның функциялары мен өкiлеттiктерi 1. Уәкiлеттi орган қаржы ұйымдарының қызметiн мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау мақсатында: 1) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдарды ашуға (құруға), оларды ерiктi түрде қайта құру мен таратуға оның ішінде банк және сақтандыру холдингтерін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат бередi және оны керi қайтарып алады, сондай-ақ аталған рұқсаттар мен келісімдердi беру тәртібін айқындайды; 2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерi лауазымдарына адамдарды сайлауға (тағайындауға) келісім бередi не келісім беруден бас тартады, сондай-ақ аталған келісімдi берудiң не беруден бас тартудың тәртібін айқындайды; 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жағдайларда қаржы нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру тәртiбiн белгiлейдi, көрсетілген лицензияларды бередi, олардың қолданысын тоқтата тұрады және олардан айырады; 4) қаржылық ұйымдар, қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағында орындалуы мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады; 5) қаржылық ұйымдар үшiн, оның iшiнде шоғырландырылған негiзде пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi; 5-1) банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломераттарының қабылдайтын тәуекелдерін ескере отырып, олардың уәкілетті органның талаптарын орындауын айқындауға арналған ішкі рәсімдерді бекітеді; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 6) қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғалары есептілігінің (қаржылық есептiлiктi қоспағанда) тiзбесiн, нысандарын, табыс ету мерзiмдерi мен тәртібін белгілейді; 7) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР 2005.23.12. № 107-III Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7-1) қаржы ұйымдары, банк және сақтандыру холдингтері акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 8) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда және шектерде, оның iшiнде аудиторлық ұйымды тарту арқылы қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының қызметiн тексередi; 8-1) қаржы рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш білдірген заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде тексереді; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды 8-2) қаржы ұйымдарының, олардың ірі қатысушыларының, банк және сақтандыру холдингтерінің, банк конгломераты мен сақтандыру тобына кіретін ұйымдардың, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қашықтықтан қадағалауды, оның ішінде шоғырландырылған негізде жүзеге асырады; 9) қаржылық ұйымдарға, қаржылық ұйымдардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломераттары мен сақтандыру топтарының қатысушыларына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулi ықпал ету шараларын, мәжбүрлеу шараларын және санкцияларды, оның ішінде тәуекелді азайту мақсатында қолдану тәртiбiн айқындайды және оларды қолданады; 9-1) банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломераттарының қызметінде туындайтын тәуекелдерді бағалау әдістерін қолданады; 10) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметімен келiсе отырып, қаржылық ұйымдардың лекцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдайды; 11) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асырады; 12) қаржылық ұйымдар туралы мәлiметтердi (қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), оның iшiнде оларға қолданған шаралар туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды; 12-1) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12-2) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Уәкiлеттi орган қаржылық ұйымдарға және олардың аффилиирленген тұлғаларына, оның iшiнде аудиторлық ұйымдарды тарта отырып: 1) қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының қаржылық жай-күйiн айқындау; 2) қаржылық ұйымдармен олардың аффилиирленген тұлғаларының басқарма құрылымының және шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн айқындау; 3) қаржылық ұйымдардың аффилиирленген тұлғаларын айқындау; 4) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар құқықтарының бұзылуын анықтау және оның алдын алу; 5) қаржылық қызмет көрсету немесе қаржы құралдарын шығару жөніндегі уәкiлеттiк берiлмеген қызметтi анықтау және оның алдын алу мақсатында тексеру жүргiзуге құқылы. 2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының және Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операциялар жүргізуді тоқтата тұру және одан бас тарту, өз қызметі процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде орындауын, сондай-ақ ішкі бақылаудың ұйымдастырылуын және іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады. 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 2-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-2. Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттарында банктерде, банк холдингтерінде, инвестициялық портфельді басқарушыларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру холдингтерінде өз өкілінің (бұдан әрі - өкіл) болуына құқылы. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Уәкiлеттi орган осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген функциялар мен өкiлеттiктерден басқа, осы Заңның 10-13-баптарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, қаржы ұйымдарын, банк және сақтандыру холдингтерін, банк конгломераттарын және сақтандыру топтарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 4. Уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қаржылық ұйымдардың қызметiне араласуға құқылы емес.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-1-бап өзгертілді; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 9-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9-1-бап. Өкілдің мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Уәкілетті орган бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттарында уәкілетті органның қызметкерлері арасынан өзі тағайындайтын өз өкілін банктерге, банк холдингтеріне, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне жібереді. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардағы өкілдер санын уәкілетті орган айқындайды. 2. Өкіл өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардағы өз өкілін кез келген уақытта ауыстыруға құқылы. 4. Өкілдің негізгі міндеті уәкілетті органның бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады. 5. Өкіл өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсаттарында мынадай функцияларды жүзеге асырады: 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) өзі өкілі болып табылатын ұйымның қаржылық жай-күйін талдайды; 2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, сұрау салуларының, нұсқамаларының, талаптарының сақталуын бақылайды; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) өзі өкілі болып табылатын ұйымда тексеру жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізеді; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) өзі өкілі болып табылатын ұйым басқармасының, директорлар кеңесінің, тұрақты не уақытша жұмыс істейтін комиссияларының (комитеттерінің, жұмыс топтарының) отырыстарына байқаушы ретінде қатысады; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) өзі өкілі болып табылатын ұйым акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру және өз пікірін білдіру құқығынсыз байқаушы ретінде қатысады. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсаттарында өзі өкілі болып табылатын ұйымнан және (немесе) олардың лауазымды адамдарынан ауызша және жазбаша нысанда мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қаржылық есептілікті және органдар отырыстарының (сырттай өткізілгендерін қоса алғанда) материалдарын сұратуға; 2) деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға қол жеткізуге құқығы бар. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Өкіл: 1) өзі өкіл болып табылатын ұйымның өзі сұратқан мәліметтер мен құжаттарды ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы, уәкілетті орган өкілінің өз функцияларын орындауына кедергі келтіру, осы ұйымдар тарапынан параға сатып алу, қорқыту немесе оған өзге де құқыққа сыйымсыз ықпал ету фактілері туралы уәкілетті органға хабар беруге; 2) уәкілетті органның осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымға өз өкілін жіберу туралы шешімінде көрсетілген мәселелер жөнінде уәкілетті органның тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындауға міндетті. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдар: 1) өкілге өз функцияларын орындауына жәрдем көрсетуге; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) өкілге осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің ақпаратты толық және уақтылы беру мүмкіндігін және барлық ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге; 3) өкілден сұрау салуды алған күні не сұрау салуда белгіленген және өздерімен келісілген мерзімдерде барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды табыс етуге; 4) деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) өздерінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға қолжетімділікті қамтамасыз етуге; 5) өкілдерді өзіне жүктелген функцияларды орындауы үшін қажетті құжаттардың көшірмелерімен қамтамасыз етуге міндетті. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Өкіл өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, зейнетақы жинақтары, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның ішінде уәкілетті органда жұмысын тоқтатқаннан кейін де үш жыл бойы жауаптылықта болады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы3-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары, қағидаттары мен мiндеттерi4-бап. Қаржы рыногында уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу5-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер6-бап. Алынып тасталды 2-тарау. Уәкілетті органның мәртебесі, міндеттері, функциялары және өкілеттіктері7-бап. Алынып тасталды8-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi9-бап. Уәкiлеттi органның функциялары мен өкiлеттiктерi9-1-бап. Өкілдің мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері9-2-бап. Қашықтықтан қадағалау10-бап. Банк қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi10-1-бап. Алынып тасталды11-бап. Сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi12-бап. Бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi12-1-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингі13-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi13-1-бап. Алынып тасталды14-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкiлеттiктер15-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарымен және басқа мемлекеттердiң қаржы рыноктары мен қаржылық ұйымдарды реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын органдарымен өзара әрекетi 3-тарау. Қорытынды ережелер |