|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілсін: 1. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат, № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж, № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж, № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж, № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 20-I, 111-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-V, 156-құжат): 26-бап мынадай редакцияда жазылсын: «26-бап. Заңнамалық актіге түсiндiрме беру 1. Жеке не заңды тұлғалардың заңнамалық актілерді (Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның Палаталарының қаулыларын қоспағанда) бiлмеуi немесе дұрыс түсiнбеуi заңнамалық актілерді не азаматтың немесе шектелмеген тұлғалар тобының құқықтары мен бостандықтарын бұзуға алып келуі мүмкін деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде прокурор заңнамалық актінің мазмұнына түсiндiрме бередi. 2. Құқықтық актiнiң жобасы заңнамалық актіге (Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның Палаталарының қаулыларын қоспағанда) сәйкес келмеген жағдайларда, прокурор актiнi қабылдайтын органға немесе лауазымды адамға тиісті заңнамалық актінің талабын түсiндiредi.». 2. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж, № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат): 1) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру және бақылау тәртібі»; 2) 4 және 5-баптар алып тасталсын; 3) 6 және 7-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «6-бап. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру және бақылау 1. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру тиісті уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамының қабылданған шешiмдi уақтылы және тиянақты орындау жөнiндегi шараларды әзiрлеуi мен қабылдауы болып табылады. 2. Қажет болған жағдайда, жеке-дара қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган (лауазымды адам) оны орындау жөнiндегi ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын әзiрлеп, бекiтедi және ол тiкелей орындаушылардың назарына жеткiзіледi. 3. Егер жеке-дара қолданылатын құқықтық актiде оны орындаудың нақты мерзiмдерi мен тiкелей орындаушылары айқындалмаса, онда оларды орындаушы мемлекеттiк орган немесе жоғары тұрған орган белгiлейдi және олар тiкелей орындаушылардың назарына дереу жеткiзiледi. 4. Қабылданған шешiмдердi уақтылы және тиянақты орындау мақсатында мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға тиiс. 7-бап. Мемлекеттік органның жеке-дара қолданылатын құқықтық актісінің, Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыру тәртібі 1. Ішкі бақылау: 1) жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) орындалуына бақылау болып бөлінеді. Бұл жағдайда орындалуға жататын іс-шаралар қамтылатын барлық жеке-дара қолданылатын құқықтық актілер бақылауға алынады; 2) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдары тапсырмаларының орындалуын бақылау болып бөлінеді. 2. Ішкі бақылау: 1) қажетті ақпаратты талап етіп алдыру; 2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау; 3) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары; 4) сол жерге бару арқылы тексеру; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүргізіледі. 3. Ішкі бақылау мынадай өлшемдер бойынша жүргізіледі: 1) құрылымдық, аумақтық бөлімшелер, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар және олардың лауазымды адамдары қызметінің өздерінің алдына қойылған міндеттерге сәйкестігі; 2) орындаудың уақтылығы және толықтығы; 3) орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы. 4. Күшіне енген жеке-дара қолданылатын құқықтық актінің не Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдары тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі қажет болған кезде бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді. Бұл ретте бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі оның орындалуы туралы келіп түсетін ақпаратты: 1) жеке-дара қолданылатын құқықтық актінің орындалу дәрежесі мен сапасын; 2) жеке-дара қолданылатын құқықтық актіні орындауда ауытқушылықтардың бар-жоғын, олардың себептерін және ауытқушылықтарды жою үшін ықтимал шаралар белгілеуді; 3) бақылаудан алу не орындалу мерзімін ұзарту мүмкіндігін; 4) жеке-дара қолданылатын құқықтық актіні орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін нақты лауазымды адамдардың жауаптылығын айқындау үшін талдайды. Ақпаратты талдау қорытындылары бойынша тұжырымдалған ұсыныстар тиісті шешім қабылдау үшін мемлекеттік органның басшылығына баяндалады. Ақпаратқа талдау жүргізген мемлекеттік органның орындаушыларына қабылданған шешім туралы хабарланады. 5. Құқықтық актіде көзделген іс-шараларды бақылаудан алуды және олардың орындалу мерзімдерін ұзартуды мемлекеттік органның басшылығы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын бақылаудан алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 6. Жоғары тұрған мемлекеттік органның не орындаушы органның бақылау қызметі жеке-дара қолданылатын құқықтық актіде белгіленген орындалу мерзімі өткенге дейін мемлекеттік органның регламентінде айқындалатын тәртіппен орындаушыға тиісті жазбаша еске салу жібереді. Ішкі бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың қосымша мәселелерін мемлекеттік органның өзі не оған қатысты жоғары тұрған мемлекеттік орган айқындауы мүмкін. Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүргізілетін ішкі бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган жүзеге асыратын ішкі бақылауға қолданылмайды.»; 4) 8-бап алып тасталсын; 5) 9-1-баптың 1-тармағы алып тасталсын; 6) 10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жеке-дара өкiмдiк қызмет - лауазымды адамдар мемлекеттiк органдарда жүзеге асыратын, уәкiлеттi лауазымды адамдардың жеке-дара қолданылатын құқықтық актiлерге жеке-дара қол қоюын, қарамағындағы қызметкерлерге нұсқаулар мен тапсырмалар беруiн, мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыру жөнiнде өзге де ұйымдық-өкiмдiк шараларды жеке-дара қабылдауын қамтитын қызметi.». 3. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6,49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-IІ, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар): 1) 7-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мәслихаттың азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерді қабылдауы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.»; 2) 37-баптың 7-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді әкімдіктің, әкімнің қабылдауы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.». 4. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж, № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат): 15-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беру;». 5. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131- құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-IIІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар): 1) 12-баптың 1) тармақшасындағы «нормативтік құқықтық актілерді» деген сөздер «жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерді» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 163-баптың 1) тармағындағы «жеке құқықтық актілерде» деген сөздер «жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 164-бапта: 1-тармақтағы «жеке құқықтық актілердің» деген сөздер «жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы «жеке құқықтық актілерде» деген сөздер «жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 152-құжат): 9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларының тұжырымдамаларына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті сараптаманы жүзеге асырады;». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы сәуірдің 6-ы. № 481-V
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |