Геодезия және картография туралы (2019.11.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2019 жылғы 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңдары 3-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтiң объектiлерi мен субъектiлерi 4-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтiң негiзгi бағыттары 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi 6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 7-бап. Геодезия және (немесе) картография саласындағы хабарлама 9-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтi метрологиялық қамтамасыз ету 10-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтi қаржыландыру 11-бап. Картографиялық өнiмге авторлық құқық 12-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры 13-бап. Геодезиялық және картографиялық өнiмге мемлекеттiк меншiк 15-бап. Жергiлiктi жер объектiлерi туралы ақпарат беру 16-бап. Мемлекеттiк геодезиялық желiлер пункттерiн қорғау 17-бап. Геодезия және картография саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Осы Заң мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасындағы геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы қатынастарды реттейдi. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) географиялық ақпарат жүйесi - Жер туралы, жер бетiнiң объектiлерi, табиғи, техногендiк және қоғамдық процестер мен нақты дүниенiң құбылыстары туралы кеңiстiкте ақпарат жинауды, жинақтауды, сақтауды, талдауды және таратуды қамтамасыз ететiн бағдарламалық жүйе; 2) геодезиялық және картографиялық қызмет - геодезия және картография саласындағы басқарушылық, өндiрiстiк, техникалық және ғылыми қызмет; 3) геодезиялық және нивелирлiк желi - жергiлiктi жерде арнаулы орталықтармен және белгiлермен бекітілген жер бетіндегі пункттер жүйесi, олардың өзара жағдайы жоспарлы қатынастарда және биiктiгi жөнiнен геодезиялық қызмет нәтижесiнде белгiленген; 4) геодезиялық пункт - орны белгiленген жерге (немесе жердегi құрылысқа) орнатылған орталығымен және оның үстiне тұрғызылған құрылыспен (белгiмен) белгiленген геодезиялық желi пунктi; 5) геодезия - Жердің пiшiнiн, көлемi мен сыртқы гравитациялық өрiсiн, жер бетi координаттары мен нүктелерiнiң биiктiктерiн және олардың уақыт iшіндегі өзгерiстерiн анықтау жөнiнде карталар мен жоспарлар жасау мақсатында, сондай-ақ жер бетіндегі түрлi инженерлiк мiндеттердi шешудi қамтамасыз ету үшiн жүргiзiлетiн ғылыми, техникалық және өндiрiстiк қызмет процесiнде туындайтын қатынастар саласы; 6) гидрография - су объектiлерiн, олардың сапа және сан жөніндегі сипаттамаларын зерделеу және сипаттау; 7) делимитация - мемлекеттік шекараның шектес мемлекеттер арасындағы келісім бойынша шартта белгiленiп көрсетiлген және шартқа қоса тiркелетiн карталарда графика түрінде бейнеленген жағдайлары мен бағыттарын айқындау; 8) демаркация - жергiлiктi жерде делимитация туралы шартқа сәйкес мемлекеттік шекараны айқындау және оны тиiстi шекара белгiлерiмен белгiлеу; 9) картографиялық өнiм - картографиялық қызмет нәтижесiнде Жер бетiнiң және аспан денелерiнiң белгiлi бiр математикалық заңдар бойынша және шартты белгiлердiң қабылданған жүйесiнде құрылып, кiшiрейтiлген, өлшенетiн және жинақталған, қағазға және магниттiк жеткiзушiге түсiрiп алынған бейнелерi; 10) картография - картографиялық туындыларды зерделеу, жасау және пайдалану жөніндегі ғылыми, техникалық және өндiрiстiк қызмет процесiнде туындайтын қатынастар саласы; 11) картографиялық-геодезиялық қор - геодезиялық және картографиялық қызмет нәтижесiнде жасалған, жалпы мемлекеттік, салааралық маңызы бар және одан әрi пайдалану мақсатында ұзақ сақталуға тиiс материалдар мен деректер жиынтығы; 12) жерсерiктiк технологиялар - байқаушының немесе объектiнiң орналасқан жерiн координат-уақыт жағынан анықтау үшiн, сондай-ақ Жер бетiнiң учаскелерiн картографиялау үшiн ақпараттар алудың жерсерiктiк жүйесi; 13) топография - жер бетiн геометриялық жағынан зерделеу және осы жер бетiнiң жазықтықта топографиялық карталар немесе жоспарлар түрiнде бейнелену тәсiлдерiн жасау. 2-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңдары 1. Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады. 3-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтiң объектiлерi мен субъектiлерi 1. Қазақстан Республикасының аумағы және онда орналасқан географиялық объектiлер, сондай-ақ жер шарының құрлықтары, Дүниежүзiлiк мұхит, оның iшiнде аралдар, табиғи аспан денелерi мен Жердiң жасанды серiктерiн қоса алғанда, ғарыш кеңiстiгi геодезиялық және картографиялық қызметтiң объектiлерi болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң мемлекеттік органдары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар геодезиялық және картографиялық қызметтiң субъектiлерi болып табылады. 4-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтiң негiзгi бағыттары 1. Атқарылатын жұмыстардың мақсатына қарай геодезиялық және картографиялық қызмет: 1) нәтижелерiнiң жалпымемлекеттік салааралық маңызы бар мемлекеттік мақсаттағы қызмет; 2) жүргiзу қажеттiгi Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографиялық қызметi субъектiлерiнiң қажеттерiмен айқындалатын арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы қызмет болып бөлiнедi. 2. Мемлекеттік мақсаттағы геодезиялық және картографиялық қызмет: 1) Жердiң пiшiнiн, мөлшерi мен сыртқы гравитациялық өрiсiн анықтауды; 2) Жердi дистанциялық зондтауды және геодинамикалық зерттеудi; 2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда 3) тығыздығы мен дәлдігі мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарлар жасауды, қорғаныстық, ғылыми-зерттеу және өзге де міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін, іргелі астрономиялық-геодезиялық желі, дәлдігі жоғары геодезиялық желі, спутниктік геодезиялық желі, барлық сыныптағы нивелирлік желілер, іргелі және бірінші сыныптағы гравиметриялық желілер жататын мемлекеттік геодезиялық желілерді құруды, дамытуды және жұмыс жағдайында ұстауды; 4) дәлдiгi мен мазмұны жалпы мемлекеттік, қорғаныс, ғылыми-зерттеу мiндеттерi мен өзге де мiндеттердiң шешiмiн қамтамасыз ететiн мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарларды, оның iшiнде қалалардың және елдi мекендердiң жоспарларын графикалық, цифрлық, фотографиялық, электрондық және өзге де нысандарда жасауды, жаңартуды және басып шығаруды; 5) геодезиялық жерсерiктiк технологияны енгізудi және пайдалануды; 6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялауды, демаркациялауды және оның сызығы өтуiн тексерудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының теңiз айдынын делимитациялауды геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық қамтамасыз етудi; 7) теңiздер, көлдер, өзендер, су қоймалары қайраңдарын картографиялауды және топографиялық, навигациялық теңiз карталарын, көмекшi құралдарды, теңiз, кеме жүзетiн өзендер мен сутоғандары лоцияларын жасауды; 8) мемлекеттiң, оның қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң мүдделерi үшiн геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық жұмыстар жүргiзудi, сондай-ақ теңiздерде, кеме жүзетiн өзендер мен сутоғандарында жалпы теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi; 9) шет мемлекеттер мен Дүниежүзiлiк мұхит аумағын қоса алғанда, топографиялық және арнаулы карталар мен жоспарлар жасау және жаңарту үшiн аэроғарыштық түсiрiлiм жұмыстарын; 10) Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорды құруды және жүргiзудi; 11) географиялық ақпараттық жүйелерді жасауды және жүргізуді; 12) салааралық мақсаттағы жалпы географиялық, саяси-әкiмшiлiк, ғылыми-анықтамалық және басқа да тақырыптық карталар, жоспарлар мен атластар, картографиялық оқу құралдарын құрастыруды және басып шығаруды; 13) географиялық атауларды стандарттауды, есепке алуды және олардың қолданылуын ретке келтiрудi, Географиялық атаулардың мемлекеттік каталогын жасауды және жүргiзудi; 14) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзудi және осы заманғы технологияларды енгізудi; 15) геодезиялық және картографиялық қызмет саласында мемлекеттік нормативтердi әзiрлеудi, бекіту және қолданысқа енгізудi; 16) геодезиялық және картографиялық техника өндiрiсiн ұйымдастыруды; 17) геодезиялық, картографиялық, топографиялық жұмыстарды метрологиялық қамтамасыз етудi қамтиды. 3. Арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық қызмет: 1) түрлi объектiлердi, жерүстi және жерасты құрылыстары мен желiлерiн, құрылыс учаскелерiне үйлер мен құрылыстардың аралық бекiтпелерiн салу учаскелерiнiң бас жоспарларын жасауға, сондай-ақ өзге де арнаулы жұмыстарды орындауға арналған топографиялық жоспарларды жасауды және жаңартуды; 2) графикалық, цифрлық, фотографиялық, электрондық және өзге де нысандарда арнаулы мақсаттағы тақырыптық карталар, жоспарлар мен атластар жасауды және басып шығаруды; 3) арнаулы мақсаттағы географиялық ақпараттық жүйелердi жасауды және жүргiзудi; 4) сызық және алаң үлгiсіндегі инженерлiк құрылыстарды, жерасты құрылыстары мен желiлерiн жобалау және iзденiстер жүргiзу, салу және пайдалану кезіндегі геодезиялық, топографиялық, аэротүсiрiлiм және басқа да арнаулы жұмыстар, кадастрлар мен өзге де iзденiстер және арнайы жұмыстар жүргізуді; 5) осы тармақта аталған бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзудi; 6) инженерлiк-геодезиялық және маркшейдерлiк жұмыстарды қамтиды. 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiне мыналар жатады: 1) геодезия және картография саласындағы мемлекеттік басқару мен бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органды (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) белгiлеу; 2) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3) координаттардың, биiктiктiң, гравиметриялық және жерсерiктік өлшемдердiң, сондай-ақ мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарлардың масштабтық қатарының бiрыңғай мемлекеттік жүйелерiн белгiлеу; 4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 5) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 8) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау.
6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Уәкiлеттi органның құзыретiне мыналар жатады: 1) геодезия және картография саласында бiрыңғай мемлекеттік және ғылыми-техникалық саясат жүргiзу; 1-1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiнiң қызметiн үйлестіру; 3) мемлекеттік, арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4) мемлекеттiк геодезиялық бақылауды жүзеге асыру; 5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының және жергiлiктi жерлерде әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер шекараларының дұрыс көрсетiлуiн және олардың картографиялық материалдарда көрсетiлуiн қадағалау; 6) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер арасындағы шекаралардың өзгерiстерi, сондай-ақ жергiлiктi жердiң және географиялық объектiлер атауларының өзгерiстерi көрсетiлген кезекшi анықтамалық карта жүргiзу; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтіндерін қоспағанда, геодезия және картография саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерді әзірлеу, бекіту; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) 7-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 8) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргiзудi тiркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 9) геодезиялық пункттердi есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз етудi бақылау; 10) геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау тәртібінiң анықталған жолсыздықтарын жоюды, сондай-ақ аталған жұмыстарды немесе аэроғарыштық түсiрiлiм жүргiзу нәтижесiнде алынған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректердi топтастыруды, есепке алуды, сақтауды, пайдалануды және iске асыруды талап ету; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 11) Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жағдайда геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтата тұру; 12) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 13) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мүдделерiн ескере отырып, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, аэроғарыштық түсiрiлiм деректерi мен материалдарын дайындау, есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану тәртібін регламенттейтiн нұсқаулықтарды, нормалар мен ережелердi бекіту; 14) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру; 15) геодезия және картография саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру ережелерiн әзiрлеу; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды 15-1) геодезиялық және картографиялық қызметінің басталғандығы туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізу; 15-2) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 15-3), 15-4) тармақшалармен толықтырылды 15-3) республикалық бюджет қаражаты есебiнен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тiзбесiн бекiту; 15-4) геодезия және картография саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтiк құқықтық актiлерді бекіту. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 16) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 7-бап. Геодезия және (немесе) картография саласындағы хабарлама 1. Геодезиялық және (немесе) картографиялық қызметтің мынадай түрлері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілетін қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама бойынша жүзеге асырылады: 1) геодезиялық жұмыстарды жүргізу; 2) картографиялық жұмыстарды жүргізу. 2. Хабарламаға осы Заңның 7-1-бабына сәйкес геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптарға сәйкес мәліметтер мен құжаттар қоса беріледі.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 7-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 7-1-бап. Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптар Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын субъектілерде: 1) геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, зауыттық нөмірі көрсетілген, меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығының не салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызмет көрсетуге арналған шарттың; 2) штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маманның болуы міндетті.
8-бап. Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен техникалық талаптар Нормативтiк құқықтық актiлер мен техникалық талаптар геодезиялық және картографиялық жұмыстарды мемлекеттік реттеуге және мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға арналған бiрыңғай техникалық нормалар мен ережелер бойынша осы жұмыстарды жүргiзу тәртібін белгiлейдi және барлық геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерi үшiн мiндеттi болып табылады. 9-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтi метрологиялық қамтамасыз ету 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Техникалық реттеу саласындағы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде: 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес геодезиялық өлшеу құралдарының бiрлiгi мен дәлдiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға; 2) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) геодезиялық және картографиялық жабдықтарға, аспаптар мен саймандарға метрологиялық бақылау жүргiзуге құқығы бар. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Шет мемлекет берген, топографиялық-геодезиялық және картографиялық мақсаттағы өлшем құралының типін бекіту (метрологиялық аттестаттау) туралы сертификат Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес танылған жағдайда, ол Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледі.
10-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтi қаржыландыру 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1. Мемлекеттік мақсаттағы геодезиялық және картографиялық қызмет бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады. 2. Арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық қызмет өнiмдердiң тапсырысшылары болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын геодезиялық, топографиялық және картографиялық жұмыстардың тапсырысшылары және (немесе) орындаушылары болып табылатын геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерi бұрын жасалған геодезиялық, топографиялық және картографиялық материалдар мен деректердi пайдалануға мiндеттi. 11-бап. Картографиялық өнiмге авторлық құқық Картографияға, геодезияға, топографияға қатысты карталарға, жоспарларға, эскиздерге, иллюстрацияларға және үш өлшемдi туындыларға авторлық құқықтар және соған байланысты туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заң актілерімен реттеледi. 12-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры геодезиялық және картографиялық қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған және жалпымемлекеттік салааралық арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар геодезиялық, топографиялық, картографиялық, гидрографиялық, аэроғарыштық түсiрiлiм, гравиметриялық материалдар мен деректердiң жиынтығы болып табылады. Ведомстволық картографиялық-геодезиялық қорлар арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар геодезиялық, топографиялық, картографиялық, гидрографиялық, гравиметриялық және аэроғарыштық түсiрiлiмдiк материалдар мен деректердiң жиынтығы болып табылады және тиiстi орталық атқарушы органдардың қарамағында болады. 2. Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор уәкiлеттi органның қарамағында болады. Қорғаныс министрлігінiң Картографиялық-геодезиялық қоры Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң қарамағында болады. 3. Белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызылған Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақталады. 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттары мемлекеттік меншiкте болады және оларды иеліктен шығаруға, сондай-ақ басқа мемлекетте тұрақты сақтауға әкетуге болмайды. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 5. Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану қағидаларын уәкiлеттi орган бекiтедi. Ведомстволық (салалық) картографиялық-геодезиялық қорларда құжаттарды қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережелерiн және оларға енгiзiлетiн материалдар мен деректер тiзбесiн уәкiлеттi органның келісімi бойынша тиiстi орталық атқарушы органдар бекiтедi. 6. Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының материалдары мен деректерiн пайдалану үшiн аталған материалдар мен деректердi (көшiрмелердi) жасауға, сақтауға және жеткiзiп беруге, сондай-ақ аталған материалдар мен деректердi iрiктеу және олардың көшiрмелерiн әзiрлеу жөніндегі қызметтердi көрсетуге жұмсалған шығындарды қамтитын ақы алынады. Мемлекеттік органдарға аталған қызметтер тегiн көрсетiледi. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен картографиялық және геодезиялық жұмыстарды жүргiзу мақсатында Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың материалдары мен деректерiн пайдалану үшiн аталған материалдар мен деректердi iрiктеу, олардың көшiрмелерiн әзiрлеу, сондай-ақ оларды жеткiзiп беру жөніндегі қызметтер көрсетуге ғана жұмсалған шығындарды қамтитын ақы алынады. Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың материалдары мен деректерiн пайдалану үшiн алынған қаражат Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес бюджетке жiберiледi. 7. Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердiң көздерi болып табылатын құжаттарына қол жеткiзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңдары3-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтiң объектiлерi мен субъектiлерi4-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтiң негiзгi бағыттары5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi7-бап. Геодезия және (немесе) картография саласындағы хабарлама7-1-бап. Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптар8-бап. Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен техникалық талаптар9-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтi метрологиялық қамтамасыз ету10-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтi қаржыландыру11-бап. Картографиялық өнiмге авторлық құқық12-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры13-бап. Геодезиялық және картографиялық өнiмге мемлекеттiк меншiк14-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiндегi геодезиялық және картографиялық қызмет15-бап. Жергiлiктi жер объектiлерi туралы ақпарат беру16-бап. Мемлекеттiк геодезиялық желiлер пункттерiн қорғау17-бап. Геодезия және картография саласындағы халықаралық ынтымақтастық18-бап. Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографиялық қызмет туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық |