Осы редакция 2019 жылғы 8 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығына 2-қосымша
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет). 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi. ҚР Әділет министрінің 2018.10.01. № 54 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiметтің» веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
ҚР Әділет министрінің 2018.10.01. № 54 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету мерзiмi: лицензия беру кезiнде - 15 (он бес) жұмыс күнi; лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде - 3 (үш) жұмыс күнi; лицензияның телнұсқасын беру кезiнде - 2 (екi) жұмыс күнi; Көрсетілетін қызметті беруші қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады. ҚР Әділет министрінің 2018.10.01. № 54 бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық. ҚР Әділет министрінің 2018.10.01. № 54 бұйрығымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|