|
|
|
Апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 772 Қаулысымен күші жойылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Апелляциялық комиссия туралы ереже бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 658 қаулысымен бекітілген
Апелляциялық комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы Апелляциялық комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және апелляциялық комиссияның (бұдан әрі - комиссия) қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды, ғылым саласын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, Ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің әдеп кодексін және осы Ережені басшылыққа алады. 3. Комиссия өз құзыреті шегінде өтініш берушілердің өтініштерін, оның ішінде олардың қатысуымен объективті, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз етеді. 4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) конкурсқа қатысушы - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға; 2) өтініш - конкурс қатысушысының ұлттық ғылыми кеңестің (бұдан әрі - ҰҒК) қабылдаған шешімімен келіспейтіні туралы уәкілетті органға берген жазбаша өтініші; 3) салалық уәкілетті орган - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |