Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 15 наурыздағы № 7С-15-16 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін. 2. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2018 жылғы 16 наурыздағы № 6С-19-9 шешімімен бекітілген
Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының қызметін бағалаудың әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының (бұдан әрі - Тексеру комиссиясының төрағасы) қызметін бағалау тәртібін айқындайды. 2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар: 1) бағалау жөніндегі комиссия - Ақмола облыстық мәслихатымен (бұдан әрі - мәслихат) Тексеру комиссиясы төрағасының қызметін бағалау үшін құрылған комиссия. 2) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі - НМИ) - «Б» корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|