|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2018 жылғы 11 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасы 4-бап. Мемлекеттік аудит көрсеткіштері 6-бап. Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары 7-бап. Бұзушылықтар сыныптауышы 8-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 9-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеу 10-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесі 11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 12-бап. Есеп комитетінің құзыреті 13-бап. Тексеру комиссиясының құзыреті 14-бап. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның құзыреті 15-бап. Ішкі аудит қызметінің құзыреті 16-бап. Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес 3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ РӘСІМДІК НЕГІЗДЕРІ 17-бап. Мемлекеттік аудитті жүргізу рәсімі 18-бап. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру 19-бап. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану 20-бап. Аудиторлық дәлелдемелер 21-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының талаптары 22-бап. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттар 23-бап. Қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есептің ерекшеліктері 4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗГЕ ДЕ БАҒЫТТАРЫ 31-бап. Камералдық бақылау нәтижелері анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама 33-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін талдау 34-бап. Халықаралық ынтымақтастық 35-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор 5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТКЕ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 37-бап. Мемлекеттік аудит объектісі басшысының құқықтары мен міндеттері 6-тарау. ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 40-бап. Есеп комитетінің құрамы 41-бап. Есеп комитетіне мемлекеттік қызметке кіру 42-бап. Есеп комитеті мен оның лауазымды адамдары тәуелсіздігінің кепілдігі 43-бап. Есеп комитетінің Қазақстан Республикасының Президентімен өзара іс-қимылы 44-бап. Есеп комитетінің Қазақстан Республикасының Парламентімен өзара іс-қимылы 45-бап. Есеп комитетінің Қазақстан Республикасының Үкіметімен өзара іс-қимылы 46-бап. Есеп комитетінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимылы 8-тарау. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 47-бап. Тексеру комиссиясының құрамы және оны қалыптастыру тәртібі 48-бап. Тексеру комиссиясы төрағасының, тексеру комиссиясы мүшелерінің өкілеттіктері 49-бап. Тексеру комиссияларының қызметін ұйымдастыру 50-бап. Тексеру комиссиясы және оның лауазымды адамдары тәуелсіздігінің кепілдіктері 9-тарау. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАСУ НЕГІЗДЕРІ 51-бап. Тексеру комиссиясының мәслихаттармен өзара іс-қимылы 52-бап. Тексеру комиссиясының Есеп комитетімен өзара іс-қимылы 10-тарау. ІШКІ АУДИТ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ ОРГАН 11-тарау. ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТТЕРІ 55-бап. Ішкі аудит қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру 56-бап. Ішкі аудит қызметі тәуелсіздігінің кепілдіктері 58-бап. Мемлекеттік орган басшысының ішкі аудит қызметімен өзара іс-қимылы 12-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 62-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
1-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бұзушылықтар - Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілеріне қайшы келетін іс-әрекеттер (әрекеттер немесе әрекетсіздік); 2) бұзушылықтар сыныптауышы - құқықтың бұзылған нормалары және оларға сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық түрлерi көрсетiле отырып, мемлекеттік аудит объектілерінде анықталатын бұзушылық түрлерiнiң тiзбесiн, сондай-ақ осы бұзушылықтарды жою тәсiлдерiн қамтитын құжат; 3) квазимемлекеттік сектор субъектілері - мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар; 4) кемшіліктер - бұзушылықтарға жол беру мүмкіндігіне жағдайлар (бұзушылықтардың туындау тәуекелін) жасайтын іс-әрекеттер (әрекеттер немесе әрекетсіздік); 5) қаржылық бақылау - мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған қызмет; 6) мемлекеттік аудит - бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен, оның ішінде бюджетті атқаруға байланысты тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген басқа қызмет кезінде тартылатын қарыздарды басқару және пайдалану тиімділігін талдау, бағалау және тексеру; 7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері (бұдан әрі - мемлекеттік аудит объектілері) - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар; 1-баптың 1) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1-баптың 8) тармақшасы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 ж. 1 қаңтарға дейін осы Заңның 62-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады 8) мемлекеттік аудитор - мемлекеттік аудитті және (немесе) қаржылық бақылауды жүзеге асыратын, мемлекеттік аудитор сертификаты бар мемлекеттік әкімшілік қызметші; 9) мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары (бұдан әрі - Кәсіби әдеп қағидалары) - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік аудиторлардың мінез-құлқының әдеп қағидаларының бірыңғай жиынтығы; 10) электрондық мемлекеттік аудит - ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан жүзеге асырылатын мемлекеттік аудит.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасының күші Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, сондай-ақ оның шегінен тыс жерде әрекет ететін мемлекеттік аудит объектілеріне қолданылады. 3. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша осы органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
1. Мемлекеттік аудиттің мақсаты бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады. 2. Субъектіге байланысты мемлекеттік аудит мынадай түрлерге бөлінеді: 1) міндеттері халықтың тұрмыс жағдайлары сапасының қарқынды өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстардың (қаржылық, табиғи, өндірістік, кадрлық, ақпараттық) тиімді және заңды басқарылуын талдау, бағалау және тексеру болып табылатын сыртқы мемлекеттік аудит; 2) міндеттері мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуін, қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен анықтығын, мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру болып табылатын ішкі мемлекеттік аудит. 3. Мемлекеттік аудит мынадай типтерге бөлінеді: 1) қаржылық есептілік аудиті - мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалау; 2) тиімділік аудиті - мемлекеттік аудит объектісінің қызметін тиімділік, үнемділік, өнімділік және нәтижелілік нысанына бағалау және талдау; 3) сәйкестік аудиті - мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін сақтауын бағалау, тексеру.
4-бап. Мемлекеттік аудит көрсеткіштері Мемлекеттік аудиттің типіне қарай мынадай көрсеткіштер ескеріледі: 1) тиімділік - жоспарланған және алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескерілгендегі арақатынасы; 2) үнемділік - қызметтің бағаланатын нәтижелерінің тиісті сапасын сақтай отырып, осы нәтижелерге қол жеткізу үшін бөлінген ресурстардың құнын барынша азайту; 3) өнімділік - санын, сапасын және мерзімдерін ескере отырып бөлінген ресурстарды пайдалана отырып, экономика немесе жекелеген басқару саласы үшін барынша пайдалы нәтиже алу; 4) нәтижелілік - әрбір қызмет бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы; 5) мәнділік - мемлекеттік аудит объектісі қаржылық және шаруашылық операцияларын жасауы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің талаптарынан ауытқу, сондай-ақ ең жоғары жол берілетін мөлшері мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне және көрсеткіштер санатына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, қабылданатын шешімдерге ықпал ететін өзге де қателер; 6) перспективалық - жүргізілген шығыстардың белгіленген күтілетін кезеңге қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі.
1. Қаржылық бақылауды осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету, нұсқамаларды орындау және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту жолымен қалпына келтіруді қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың ден қою шаралары: 1) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару; 2) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау; 3) мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға беру; 4) бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіру және нұсқамаларды орындау мақсатында сотқа талап қоюды беру болып табылады. 3. Ішкі аудит қызметтері осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген ден қою шараларын жүзеге асырады.
6-бап. Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары: 1) тәуелсіздік - мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының тәуелсіздігіне қол сұғатын араласуға жол бермеу; 2) объективтілік - Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде объективті тәсілдерді қолдануы және мүдделер жанжалын болғызбау; 3) кәсіби құзыреттілік - мемлекеттік аудиторлардың білікті және сапалы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін білім мен дағдының қажетті көлемінің болуы, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын, кәсіби әдеп қағидаларын сақтауы, сондай-ақ кәсіби борышын орындауы; 4) құпиялылық - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау барысында алынатын немесе өздері жасайтын құжаттарды үшінші тұлғаларға беру не онда қамтылған мәліметтерді ауызша жария ету құқығынсыз сақтау жөніндегі міндеттемесі; 5) анықтық - мемлекеттік аудит нәтижелерін аудиторлық дәлелдемелермен растау; 6) ашықтық - мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін баяндаудың анықтығы; 7) жариялылық - құпиялылық режімін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін жариялау; 8) мемлекеттік аудит нәтижелерін өзара тану - мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтаған жағдайда осы органдардың мемлекеттік аудит нәтижелерін тануы.
7-бап. Бұзушылықтар сыныптауышы 1. Анықталған бұзушылықтарды сыныптау, сондай-ақ оларды жою нәтижелері туралы есептілікті қалыптастыру кезінде бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бұзушылықтар сыныптауышын қолданады. Бұзушылықтар сыныптауышын республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді. 2. Бұзушылықтар сыныптауышы бұзушылықтардың мынадай түрлерін қамтиды: 1) бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды негізсіз жұмсауға әкеп соққан қаржылық бұзушылықтар; 2) бюджет қаражатының, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздардың негізсіз пайдаланылуына әкеп соқпаған рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар. 3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы бюджет өтелуге, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды беру және (немесе) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамасы және (немесе) сот шешімі негізінде есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтірілуге жатады.
8-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары 1. Мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауға қойылатын талаптар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарында айқындалады. 2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары мыналарға бөлінеді: 1) халықаралық стандарттардың негізінде әзірленетін және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне қойылатын негіз қалайтын талаптарды қамтитын мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттары. Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын Есеп комитеті әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді; 2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуге (рәсіміне, тетігіне және әдістеріне) және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне қойылатын рәсімдік талаптарды қамтитын мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары, олар: Есеп комитеті мен ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары; Есеп комитеті әзірлейтін және бекітетін сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары болып бөлінеді. Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу мен бекіту тәртібін Есеп комитеті айқындайды; Есеп комитетімен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары болып бөлінеді. 3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, мемлекеттік аудит жүргізуге тартылған жеке және заңды тұлғалар қолдануға міндетті. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ішкі аудит стандарттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленеді және бекітіледі.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
9-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Есеп комитеті және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
10-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесі 1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесін: 1) мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Есеп комитеті; 2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары (бұдан әрі - тексеру комиссиялары); 3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган; 4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері; 5) көзделген штат саны шеңберінде бірінші басшының қалауы бойынша құрылатын орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының ішкі аудит қызметтері құрайды. 2. Есеп комитеті және тексеру комиссиялары сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары болып табылады. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және ішкі аудит қызметтері ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары болып табылады. 3. Ішкі аудит қызметтері заңды тұлғалар болып табылмайды. 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі ішкі аудит Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекітеді; 2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
12-бап. Есеп комитетінің құзыреті 1. Есеп комитеті мыналардың: 1) өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын, есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес республикалық бюджетті жоспарлаудың және атқарудың; 2) мемлекеттік аудит объектілері қызметінің; 3) республикалық бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асырудың; 4) акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының іске асырылуының; 5) квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе экономиканың жеке алғандағы саласының, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік және басқа да салаларының дамуына әсерінің; 6) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты қалыптастырудың және басқарудың; 7) байланысты гранттарды, бюджеттік инвестицияларды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды және мемлекет активтерін пайдаланудың; 8) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігінің, олардың іске асырылуының және жүзеге асыруы тиімділігінің; 9) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алуға бөлінген (жұмсалған) ұлттық қаржы ресурстарының мөлшері мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны арасындағы айырманы бағалауды қоса алғанда, баға белгілеудің; 10) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың; 11) салықтық және кедендік әкімшілендірудің; 13) қоршаған ортаны қорғау саласындағы; 14) ақпараттық технологиялар саласындағы тиімділігіне аудитті жүзеге асырады. 1) республикалық бюджет қаражаты мен ұлттық ресурстарды пайдалану бойынша мемлекеттік аудит объектілері қызметіне; 2) мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына; 3) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына; 4) республикалық бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығына және уақтылығына, сондай-ақ республикалық бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазу дұрыстығына;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |