Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының Осы редакция 2017 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Конституциясы 45-бабының 1-тармағына және 61-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін: 1. Қоса берiлiп отырған Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Yкіметі бiр ай мерзiмде өз шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережелерi Осы Ереже Мемлекет басшысының заң жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге, сондай-ақ заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялауға конституциялық құқығын iске асыру тәртібі мен мерзiмдерiн белгiлейдi. 1. Заң жобасын қарауды басым деп белгiлеуге немесе оның қаралуын шұғыл деп жариялауға шешiм қабылдаған кезде Мемлекет басшысы немесе оның тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілiгi тиiстi мемлекеттік органның назарына осы заң жобасын қарауды басым деп белгiлеу немесе шұғыл деп жариялау жоспарланатынын жеткізеді. 2. Әдетте, басым ретпен қарауды Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлген немесе енгiзiлуге дайын заң жобаларына қатысты белгiлейдi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|