Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қалыптастыру қағидаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы (2021.31.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021.31.12. № ҚР ДСМ-142 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 47) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қалыптастыру қағидалары 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу қағидалары. 2. Күші жойылды деп танылсын: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 14 маусымдағы № ҚР ДСМ-94 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18856 болып 2019 жылғы 18 маусымда тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 21 маусым 2019 жылы жарияланды). 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін қалыптастыру, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11429 болып, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеде 2015 жылдың 3 шілдесінде; «Казахстанская правда» 2016 жылдың 25 шілдесінде № 121 (28247); «Егемен Қазақстан» 2016 жылдың 25 шілдесінде № 121 (28849)). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|