|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының (2018.13.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 4-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті 4-2-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті 5-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салалары 6-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру 10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жобаларды» деген сөз «әлеуметтік жобаларды» деген сөздермен ауыстырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді; 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) әлеуметтік бағдарлама - өзара байланысты әлеуметтік жобалар кешені; 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-1) әлеуметтік жоба - әлеуметтік мәні бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, бір жыл ішінде және үш жылға дейін іске асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы; 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс - үкіметтік емес ұйымдар бюджет қаражаты есебінен орындайтын әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру нысаны; 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуға арналған конкурс (бұдан әрі - конкурс) - тапсырыс берушінің үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын, көрсетілген қызметтерін сатып алуға бағытталған және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың ықтимал өнім берушілері арасында ашық әрі адал бәсекелестікті қамтамасыз ететін ықтимал өнім берушіні анықтау әдісі; 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі — мемлекеттік орган) - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оның ішінде орталық атқарушы және жергілікті атқарушы орган; 3-2) 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды 3-3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттары - үкіметтік емес ұйымдар көрсететін қызметтердің сапасына, шарттарына, мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ олардың сапасын бағалау өлшемшарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер; 4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт - тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған шарт; 4-1) 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды 4-2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру - мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жоспарлау процесі; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды 4-3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру тиімділігін талдау; 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісі (бұдан әрі - өнім беруші) - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыратын үкіметтік емес ұйым; 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі — мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау; 6) тапсырыс беруші - республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері; 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) Уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) - үкiметтiк емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін уәкілетті орган құратын консультациялық кеңесшi орган; 7) үкіметтік емес ұйым - ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда); 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) және 7-5) тармақшалармен толықтырылды 7-1) үкіметтік емес ұйымдарға арналған грант (бұдан әрі - грант) - үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсаттарында үкіметтік емес ұйымдарға беретін қаражаты; 7-2) үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды іске асыру мониторингі - үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды іске асыру туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау; 7-3) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы (бұдан әрі - сыйлықақы) - республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы; 7-4) үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор (бұдан әрі - оператор) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және осы Заңға сәйкес гранттар ұсынуға құқығы бар акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым; 7-5) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқоры - үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор; 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi кеңестер - құрамына мүдделi мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi кiретiн, мемлекеттік орган мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар; 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 9) ықтимал өнім беруші - конкурсқа қатысушы үкіметтік емес ұйым; 10) - 13) 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Осы Заңның күші техникалық реттеу объектілеріне қатысты қағидалар, жалпы қағидаттар мен сипаттамалар белгілейтін стандарттарға қолданылмайды.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесін құқықтық реттеу қағидаттары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесін құқықтық реттеу: 2) Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру тиімділігін арттыру; 3) Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік міндеттерді шешуге қатысуы; 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) үкіметтік емес ұйымдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету; 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесінің жариялығы мен ашықтығы қағидаттарына негізделеді.
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) уәкілетті органды айқындайды; 2) 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды; 5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 4-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган: 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, іске асырудың мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық және әдістемелік қолдау көрсетеді; 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылды; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-1) оператор арқылы гранттар береді, гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекітеді; 2-2) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беруді жүзеге асырады және оларды беру қағидаларын бекітеді; 2-3) Үйлестіру кеңесін құрады, оның ережесін және құрамын бекітеді; 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүзеге асырады және оны жүргізу қағидаларын бекітеді; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) мемлекеттік органдар іске асыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын өзінің интернет-ресурсында орналастырады; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат ұсынады; 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізу үшін «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес берілетін мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын әзірлейді және бекітеді; 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын жүргізуді жүзеге асырады; 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру тәртібін айқындайды; 7) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құрады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткізуін ұйымдастырады; 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебін қарайды және оның нысанын бекітеді; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 4-2-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-2-бап өзгертілді 4-2-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті Мемлекеттік органдар: 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады; 2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестерді құрады; 3) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптары мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады; 4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдар: 1) Қазақстан Республикасы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинайды, қорытады және уәкілетті органға ұсынады; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оператор арқылы гранттар береді; 3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 4-3-баппен толықтырылды 4-3-бап. Мәліметтерді тексеру 1. Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына берілетін мәліметтерді тексеруді уәкілетті орган жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингінің және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды іске асыру мониторингінің нәтижелері, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары, мемлекеттік органдардың ақпараты, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар мәліметтерге тексеру жүргізу үшін негіздер болып табылады. Қажет болған кезде тексеру жүргізуге басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері тартылуы мүмкін.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 5-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салалары 1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру мынадай бағыттар: 1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу; 2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау; 4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу; 6) 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау; 8) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; 11) мәдениет пен өнерді дамыту; 12) тарихи-мәдени мұраны қорғау; 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту; 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 13-1) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу; 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-2) тармақша өзгертілді 13-2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу; 13-3) 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 14) 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды 15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу бойынша жүзеге асырылады. 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды 2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру: 1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету бағыты бойынша; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша да жүзеге асырылады. 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бағыттары шеңберінде тақырыптар қалыптастырылады.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды 5-1-бап. Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқоры Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес берілетін мәліметтер, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар беретін мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.»
6-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады. 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Осы Заңның 5-бабында көзделген бағыттар бойынша жарғылық мақсаттарға сәйкес қызметті жүзеге асыратын ықтимал өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберіледі. 4. 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды 6-1-бап. Гранттар 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Гранттар: 1) бюджет қаражаты есебінен берілетін мемлекеттік гранттар; 2) бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен берілетін мемлекеттік емес гранттар болып бөлінеді. 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Гранттар оператор арқылы грант беруге арналған шартқа сәйкес үкіметтік емес ұйымдар әзірлеген әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін беріледі. 3. Гранттар тарату процесіндегі, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі. 4. Грантты алған үкіметтік емес ұйымдар алынған қаражаттың бір бөлігін, бірақ он пайыздан аспайтын бөлігін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге пайдалана алады. 5. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында реттелетiн гранттар беру процесінде туындайтын қатынастарға осы бап қолданылмайды.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды 6-2-бап. Оператор 1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттар беруге; 2) қоғамдық бақылауды дамыту мақсатында гранттарды іске асыру мониторингі үшін сарапшыларды тартуға құқылы. 1) үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес гранттардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруға; 2) уәкілетті органға гранттар беру тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге; 3) гранттардың іске асырылуы туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға; 4) өз қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті уәкілетті органға беруге, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 6-3-баппен толықтырылды 6-3-бап. Сыйлықақылар 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Сыйлықақылар беруді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырады. Сыйлықақылар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдарға беріледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы3-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесін құқықтық реттеу қағидаттары4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті4-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті4-2-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті4-3-бап. Мәліметтерді тексеру5-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салалары6-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру6-1-бап. Гранттар6-2-бап. Оператор6-3-бап. Сыйлықақылар7-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, мемлекеттік гранттар мен сыйлықақыларды қаржыландыру және олардың бюджет қаражатын пайдалану8-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын, гранттардың пайдаланылуын және сыйлықақылар беруді бақылау9-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі |