|
|
|
«Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 468 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жыл ғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми дәрежелерді беру қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру ережесі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «Ғылыми дәрежелерді беру қағидалары»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелерді беру Қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |