Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы (2023.14.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 69-бабының 3-бөлігіне сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабының 22) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 70 бұйрығының күші жойылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22768 болып тіркелді). 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі-Комитет): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне мәлімет үшін, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|