2020 - 2024 жылдарға арналған «Жаңа Алматы» кешенді жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 23 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 667 Қаулысымен күші жойылды
Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «2020 - 2024 жылдарға арналған «Жаңа Алматы» кешенді жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Орталық мемлекеттік органдар және Алматы қаласының әкімдігі Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 15 қаңтардан және 15 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 15 ақпаннан және 15 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 23 қаулысымен бекітілген
2020 - 2024 жылдарға арналған «Жаңа Алматы» кешенді жоспары
Қаланы дамытудың ағымдағы жағдайын талдау 2019 жылғы бірінші жартыжылдықта 5 358,7 млрд. теңгені құраған ЖӨӨ көлемі бойынша елдің басқа өңірлері арасында ұзақ уақыт бойы алдыңғы қатарда болған Алматы қаласы елдің аса ірі қаласы, республикалық бюджеттің доноры болып табылады. Мәселен, 2019 жылғы бірінші жартыжылдықта республиканың ЖІӨ-дегі қаланың үлес салмағы 19,2%-ды, ағымдағы жылдың 10 айында салықтар мен төлемдер түсімдерінде - 23,5%-ды құрады. 2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қала халқы 1 902 мың адамды құрайды, халықтың тығыздығы - 1 ш.км. 2 715,5 адам. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|