Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің (бұдан әрі - мемлекеттік резерв) материалдық құндылықтарын жеткізудің, сақтаудың және шығарудың тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен операция жүргізу жоспары - мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын жеткiзудi, сақтауды және шығаруды реттейтiн құжат (бұдан әрi - Операция жүргізу жоспары); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|