|
|
|
Алматы қаласындағы автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың, паркингтердің) санаттарын анықтау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 4-бабы 9-22) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласындағы автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың, паркингтердің) санаттарын анықтау қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 1/126 қаулыға қосымша
Алматы қаласындағы автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың, паркингтердің) санаттарын анықтау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Алматы қаласындағы автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың, паркингтердің) санаттарын анықтау қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) Алматы қаласындағы автотұрақтарға (автомобиль қоятын орындардың, паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық мөлшерлемелер бойынша салық салу мақсатында Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 4-бабы 9-22) тармақшасына сәйкес әзірленді және Алматы қаласындағы автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың, паркингтердің) санаттарын анықтау тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады: 1) орынтұрақ – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырылған жол учаскесі болып табылатын, көлік құралы қойылатын орын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |