Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының мемлекеттік архивтерімен көрсетіліп, өткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) баға прейскурантын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 70-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 17-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік архивтердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы» № 275 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының мемлекеттік архивтерімен көрсетіліп, өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) баға прейскуранты осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қ.Қ. Айтмұхаметов Ә.Е. Тұрғымбеков Ж.А. Аманбаев С.А. Қалқаманов М.И. Мырзалиев Ұ.Қ. Тәжібаев А.А. Абдуллаев А.Б. Тасыбаев
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|