|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Конституциялық заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 5-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №24, 172-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №10, 343-құжат; 2006 ж., №23, 137-құжат; 2007 ж., №12, 82-құжат; 2010 ж., №11, 55-құжат; 2011 ж., №3, 30-құжат; 2015 ж., №24, 174-құжат; 2017 ж., №12, 33-құжат): 33-бап мынадай редакцияда жазылсын: «33-бап. Республика Президентi жанындағы консультативтiк- кеңесшi органдар, мекемелер мен ұйымдар 1. Республика Президентінің конституциялық өкілеттіктерін жүзеге асыру және оның қызметін қамтамасыз ету мақсатында консультативтік-кеңесші органдар, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы, Жоғары Сот Кеңесі, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдар құрылады. 2. Республика Президенті: 1) консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының, Жоғары Сот Кеңесінің құрамын айқындайды, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдарды құрады; 2) консультативтік-кеңесші органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Жоғары Сот Кеңесінің, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдардың басшы лауазымды адамдарын тағайындайды; 3) консультативтік-кеңесші органдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Республика Президенті жанындағы өзге де мекемелер мен ұйымдар туралы ережелерді бекітеді; 4) консультативтік-кеңесші органдардың басшы лауазымды адамдарының осы органдар жұмысы туралы есептерін, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының есептерін тыңдайды. 3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Республика Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдар аппараттарының, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының қызметкерлері Республика Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болып табылады. 4. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ұйымдастыру және оның өкілеттіктері заңда айқындалады.». 2. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №24, 173-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №22, 129-құжат; 2008 ж., №10-11, 34-құжат; 2013 ж., №17, 84-құжат; 2014 ж., №16, 89-құжат; 2017 ж., №12, 33-құжат): 6-бап мынадай редакцияда жазылсын: «6-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң анты Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi өздері тағайындалғаннан кейiн мынадай мазмұнда ант қабылдайды: «Өзiме жүктелген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы (мүшесi) мiндетiн адал атқаруға, әдiл болуға және басқа ешкiмге, еш нәрсеге емес, тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана бағынуға салтанатты түрде ант етемiн.». Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнің анты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен қабылданады.». 3. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., №10, 232-құжат; 2010 ж., №11, 55-құжат; 2012 ж., №1, 2-құжат; 2013 ж., №14, 72-құжат; 2014 ж., №16, 89-құжат; 2017 ж., №12, 33-құжат): 1-баптың бесінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіру» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесін басқару; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құрамына кіру» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., №23, 410-құжат; 2006 ж., №23, 136-құжат; 2008 ж., №20, 77-құжат; 2010 ж., №24, 147-құжат; 2012 ж., №5, 38-құжат; 2014 ж., №16, 89-құжат; №21, 119-құжат; 2015 ж., №14, 75, 76-құжаттар; №24, 174-құжат; 2017 ж., №6, 10-құжат; №12, 33-құжат; №14, 47-құжат): 1) 27-баптың 2-тармағындағы «прокурордың санкциясымен» деген сөздер алып тасталсын; 2) 29-бапта: 2-тармақта: бірінші бөліктегі «жазбаша нысандағы кепілгерлігін» деген сөздер «жазбаша кепілгерліктерін» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын: «Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жазбаша кепілгерліктерге облыстық соттың судьялары қол қояды. Облыстық соттағы лауазымға орналасуға арналған конкурсқа басқа облыстық соттың судьясы қатысқан жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жазбаша кепілгерліктерге Жоғарғы Соттың судьялары қол қояды.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Судья лауазымынан өкілді органдардағы мемлекеттік лауазымға сайланған не тағайындалған адамдарға тағылымдамадан өтпей, конкурстық негізде судья лауазымына орналасу құқығы беріледі.»; мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Судьялық жұмыс өтіліне осы Конституциялық заңның 56-бабының 6-тармағында көрсетілген лауазымдарда судья болып жұмыс істеген уақыты қосылады.»; 3) 34-баптың 1-тармағының 5) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «5) осы судьяға қатысты айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi, қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде сотқа дейінгі сатыда тоқтатылуы;»; «8) осы Конституциялық заңның 56-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, судьяның басқа лауазымға тағайындалуы, сайлануы және оның басқа жұмысқа ауысуы;»; 4) 56-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Судья Жоғарғы Сот Төрағасының келісімімен сот төрелігін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге тікелей байланысты лауазымға (Сот төрелігі академиясындағы және уәкілетті органдағы) судья өкілеттіктерін тоқтата отырып, судья атағын және судьялар қоғамдастығына жататынын сақтай отырып, кадр резервіне іріктеу және конкурс өткізілместен тағайындалуы мүмкін.». 5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №11, 72-құжат; 2008 ж., №13-14, 53-құжат; 2012 ж., №12, 82-құжат; 2015 ж., №20-І, 107-құжат): 4-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларындағы, 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы, 6-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларындағы, 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 6) тармақшаларындағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың,» деген сөздер алып тасталсын. 6. «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №24, 175-құжат; 2017 ж., №6, 10-құжат): 1) 1-бапта: 1) тармақша «ерекше құқықтық режим» деген сөздердің алдынан «қаржы саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) сәйкестендіру нөмірі - Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірі нысанында қалыптастырылатын, Сәйкестендіру нөмірлері орталығының тізілімінде оларға қатысты мәліметтер туралы жазбалар жасауға мүмкіндік беретін бірегей нөмір.»; 2) 2-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) Қазақстан Республикасында сақтандыру, банктік қызметтер көрсету, исламдық қаржыландыру нарығын, қаржылық технологияларды, электрондық коммерция мен инновациялық жобаларды дамыту;»; 3) 9-бапта: 1-тармақтың 4) тармақшасындағы «соты болып табылады.» деген сөздер «соты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 1-1) және 5) тармақшалармен толықтырылсын: «1-1) Орталықты Басқарушы;»; «5) Халықаралық төрелік орталығы болып табылады.»; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Орталыққа бөлінген республикалық бюджет қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі Орталықты Басқарушының және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірлескен актісінде айқындалады.»; 4) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын: «10-1-бап. Орталықты Басқарушы 1. Орталықты Басқарушыны Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады. 2. Орталықты Басқарушының өкілеттіктерін Кеңес айқындайды.»; 5) 11-баптың 2 және 2-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Орталық әкімшілігінің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нысаналы аударым түрінде республикалық бюджет қаражатынан, Орталықтың қатысушылары енгізетін алымдар мен төлемдерден, сондай-ақ Орталықтың актілерінде тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптастырылатын өз бюджеті болады. Орталықтың әкімшілігі осы тармақта көзделген қаражатты үнемдеу есебінен резервтер құруға құқылы. Резервтерді құру, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібі мен шарттары Орталықтың актілерінде айқындалады. 2-1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес бюджеттен Орталықтың әкімшілігі алған нысаналы аударым, оның ішінде осы бюджеттік қаражаттан үнемдеу болған жағдайда, ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, Орталықтың органдары мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру мақсаттары үшін пайдаланылады.»; 6) 13-бапта: мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Орталық сотының төрағасы мен судьяларын Орталықты Басқарушының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және босатады.»; 5-тармақтың екінші бөлігіндегі «судьяларды және соттың басқа да» деген сөздер «соттың» деген сөзбен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін судья лауазымынан сот төрелігін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге тікелей байланысты лауазымға тағайындалған адамдарға тағылымдамадан өтпей, конкурстық негізде судья лауазымына орналасу құқығы беріледі. 3-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 22 желтоқсан № 119-VI ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |