Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы (2020.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Алматы облысы Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 75 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін. 2. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 3. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын; 3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін. 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|