Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы ШАРТ (Мәскеу қ., 2017 жылғы 11 сәуірде)
ҚР 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI Заңымен ратификацияланды 2018 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты негізге ала отырып, Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай кедендік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында төмендегілер туралы уағдаласты.
1-бап
Мүше мемлекеттер осы Шартқа № 1 қосымшадағы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексін қабылдайды.
Осы Шарт оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап, бірақ 2017 жылғы 1 шілдеден кейін күшіне енеді. Осы Шарттың күшіне енуіне байланысты осы Шартқа № 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін халықаралық шарттардың қолданысы (уақытша қолданылуы) тоқтатылады және осы Шартқа № 3 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін халықаралық шарттар ережелерінің күші жойылды деп танылады.
3-бап
Осы Шартқа мүше мемлекеттердің өзара келісуі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Шартқа ескертпелер жасауға жол берілмейді.
Осы Шартты түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған тәртіппен шешіледі.
Осы Шарт Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарт болып табылады және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіреді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|