Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы (2018.10.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 517 бұйрығымен 2018 жылғы 13 шілдеден бастап күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға біліктілік емтиханын өткізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (Б.Ш. Әбішев): 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 382 бұйрығымен бекітілген
Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленген және бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту тәртібі мен шарттарын белгілейді. 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) бағалау қызметі бойынша біліктілік комиссиясы - біліктілік емтиханын қабылдау үшін құрылатын комиссия; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|