Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру, жаңартып отыру, пайдалану тәртібін регламенттейтін нұсқаулықтарды, қағидаларды бекіту туралы
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 98/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру жөніндегі нұсқаулық; 2-қосымшаға сәйкес Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын жаңартып отыру және пайдалану жөніндегі нұсқаулық; 3-қосымшаға сәйкес Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру, жаңартып отыру, пайдалану жөніндегі қағидалар бекітілсін; 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2020 жылғы 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|