|
|
|
Қазақстан Республикасының (2016.20.12. берілген өзгерістермен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат): 12-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын: «20-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа тартылатын шетелдіктерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізуге міндетті. Ұлттық қауіпсіздік органдары шетелдікті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа қабылдаудан бас тартуға негіз болған себепті түсіндірмеуге құқылы;». 2. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат, 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат, 2003 жыл, № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; №17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат): 1) 2-бапта: 20) тармақша мындай редакцияда жазылсын: «20) қызметтік тұрғынжай - мемлекеттік мекеменің тұрғынжай қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындауы кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді ротациялауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимі бар тұрғынжай;»; мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын: «20-1) ведомстволық тұрғынжай қоры - мемлекеттік мекемелердің балансында тұрған, лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерге тұрғынжай комиссиясының шешімі бойынша лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде тұру үшін одан әрі жекешелендіру құқығынсыз беруге арналған қызметтік тұрғынжайлар;»; 2) 13-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңіне ведомстволық тұрғынжай қорынан берілген;»; 3) 67-бапта: 3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік мекемелердің тұрғынжай қорынан тұрғынжайлар осы баптың 3-1 және 3-2 тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы мекеменің осы елді мекендегі тұрғын үйге мұқтаж жұмыскерлерінің пайдалануына беріледі.»; мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын: «3-2. Ведомстволық тұрғынжай қорынан тұрғынжайлар лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған, осы елді мекендегі тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңіне пайдалануға беріледі.»; 4) 109-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк мекемелердің жұмыскерлері мен судьялар, егер олар мемлекеттiк қызметте, бюджеттiк ұйымдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда немесе судья лауазымында (мемлекеттiк сайланбалы лауазымда болу мерзiмiн қоса алғанда) кемiнде он жыл (жиынтығында) жұмыс iстесе, сондай-ақ еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:»; 5) 110-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы азаматтарын еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде, оның ішінде лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғынжайды беру және оны пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»; 6) 111-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Заңның 109-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастарына байланысты қызметтік тұрғынжай берiлiп, ол қатынастарды тоқтатқан жұмыскерлер, оның ішінде лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері өздерiмен бiрге тұратын барлық адамдармен қоса басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс.». 3. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; №16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж,. № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат): 1) 29-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацы алып тасталсын; 2) мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын: «29-1-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппараты басшысының құзыреті Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының басшысы: 1) аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады; 2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; 3) аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді; 4) аппараттағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады; 5) аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді; 8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді; 9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді; 10) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды; 11) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 3) 38-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының құрылымын қоспағанда, әкім аппараты туралы ережені, оның құрылымын тиісті әкімдік бекітеді.». 4. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат): 11-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «мемлекеттік органдарда жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен расталған құжаттары бар;». 5. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 24, 143-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 138-құжат): 1) бүкіл мәтін бойынша «мемлекеттік қызмет туралы заңдардан», «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына», «мемлекеттік қызмет туралы заңдарында», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамадан», «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасына», «мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 1-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Консулдық қызмет Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысына (бұдан әрі - Консулдық жарғы) сәйкес жүзеге асырылады.»; 6-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: «8. Сыртқы істер министрлігінің кадр резерві - дипломатиялық қызмет персоналы лауазымдарын бұрын атқарған, дипломатиялық қызмет органдарындағы бос немесе уақытша бос лауазымдарға орналасуға үміткер адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған, жүйеленген тізімі.»; 3) 5-бап мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын: «8-2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдардың өкілдіктерімен, сондай-ақ консулдық мекемелермен барлық ресми істерді жүргізу;»; 4) 9-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын: «Дипломатиялық қызмет лауазымдарына тағайындау осы Заңда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүргізіледі.»; 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Шет елдегі жұмыстан кейін Қазақстан Республикасына оралған дипломатиялық қызмет персоналы, егер ол осы Заңның 22-бабында көзделген жазаларға тартылмаған болса, Сыртқы істер министрлігінде атқарған лауазымнан төмен емес лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалады. 5. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдар үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен міндетті сынақ мерзімі белгіленеді. 6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған адамдар дипломатиялық қызмет органдарына қабылданбайды.»; 5) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын: «9-1-бап. Сыртқы істер министрлігінің кадр резерві 1. Дипломатиялық қызмет органдарындағы жұмысы тоқтатылған кезде дипломатиялық қызмет персоналы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне алынады. Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі бекітеді. 2. Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне алынған адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес Сыртқы істер министрлігіндегі «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурсқа қатысуға құқығы бар.»; 6) 13-баптың 2-тармағында: үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Дипломатиялық қызмет қызметкерін дипломатиялық дәрежесінен айыру немесе төмендету, сондай-ақ оның дәрежесін қалпына келтіру дәреже берілгендегідей тәртіппен жүргізіледі.»; төртінші бөлік алып тасталсын. 7) 14-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Дипломатиялық қызмет органдарында бос лауазымдарға орналасу осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.»; 8) 15-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау мынадай түрлерге бөлінеді: 1) сыртқы - конкурстық іріктеуді жүргізусіз жүзеге асырылатын, Сыртқы істер министрлігінен шет елдердегі мекемелерге және шет елдердегі мекемелерден Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ шет елдердегі мекемелер арасында орын ауыстырулар; 2) ішкі - осы Заңда және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда конкурстық іріктеуді жүргізусіз жүзеге асырылатын, Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелері арасында орын ауыстырулар.»; 3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың талаптары осы Заңның 15-2-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.»; 9) мынадай мазмұндағы 15-1 және 15-2-баптармен толықтырылсын: «15-1-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруы 1. Дипломатиялық қызмет персоналы дипломатиялық қызмет органдарының міндеттерін шешу үшін мемлекеттік органдарға, халықаралық және өзге де ұйымдарға іссапарға баруы мүмкін. Іссапарға барған адамның дипломатиялық қызмет персоналы мәртебесі, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құқықтары, кепілдіктері, жеңілдіктері, өтемақылары, үстемеақылары, төлемдері, зейнетақымен қамсыздандырылуы және әлеуметтік қорғалуы сақталады. 2. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруы тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. 15-2-бап. Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға баруы 1. Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның уәкілеттік беруімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарынан шет елдердегі мекемелерге іссапарға баруының Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртібімен дипломатиялық қызмет персоналы лауазымына орналасуға жол беріледі. 2. Шет елдердегі мекемелерге өзге мемлекеттік органдардан іссапарға бару тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге дипломатиялық қызмет персоналының шет елдердегі мекемелердегі үздіксіз жұмысының осы Заңның 15-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімдері қолданылады.»; 10) 16 және 17-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «16-бап. Аттестаттау Дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес аттестаттаудан өтеді. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналы шет елдердегі мекемелерден оралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен аттестатталады. 17-бап. Жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелерге жіберу 1. Дипломатиялық қызмет персоналы өз келісімімен кәсіби даярлықтан өту, өзекті халықаралық проблемаларды ғылыми тұрғыдан талдап әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының не басқа елдердің жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелеріне уақытша жіберілуі мүмкін. 2. Кәсіби даярлықтан өту, өзекті халықаралық проблемаларды ғылыми тұрғыдан талдап әзірлеу аяқталғаннан кейін дипломатиялық қызмет персоналы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне алынады.»; 11) 18-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын; 12) 24-баптың 2-тармағы алып тасталсын; 13) 25-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Шет елдердегі мекемелерге жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналының жұбайына (зайыбына) аталған тағайындау туралы шешім қабылданған кезде ол мемлекеттік қызметте мемлекеттік лауазымды атқарған жағдайда отбасының бірге жүретін мүшесі ретінде жұбайының (зайыбының) шет елге шығу кезеңінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі.»; 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Дипломатиялық қызмет персоналына және оның отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі еңбек жағдайларына сәйкес бюджет қаражаты есебінен медициналық қамсыздандыру ұсынылады. 3. Шет елдердегі мекемелерде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жыл сайынғы ақы төленетін демалыс берілуіне не «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалатын отбасының бір мүшесінің қайтыс болуына байланысты екі жаққа көлік шығыстарының төлеміне құқығы бар.»; 14) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын: «27-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын реттеу Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастары, осы Заңда көзделген ерекшеліктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі еңбек жағдайлары ескеріліп, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен реттеледі.». 6. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат): 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құқық қорғау органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді кадр қызметтері құқық қорғау органдарының нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен жүзеге асырады. Кадр жоспарлауды ескере отырып, кадрларға деген қажеттіліктерін өтеуге арналған мамандықтар тізбесін құқық қорғау органының басшысы бекітеді. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, құқық қорғау органдарына қызметке алғаш рет кіретін азаматтар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда тесттен, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.». 7. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат): 36-бап мынадай редакциядағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлеріне келу визаларын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері тиісті мемлекеттік органмен жасалған еңбек шартының негізінде және оның қолданылу мерзіміне береді.». 8. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар): 18-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) ұлттық мүдделердi қорғау жөнiндегi шешiмдер мен әрекеттердi кідіріссіз қабылдау, ұлттық қауiпсiздiкке қол сұғатын заңсыз iс-әрекеттiң жолын кесу, өзге де құқық шектеу шараларын, оның ішінде барлау, қарсы барлау қызметіне және күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларына байланысты ақпаратқа қолжетімділікті шектеу жолымен жүзеге асыру;». 9. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат): 1) 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары, сондай-ақ осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.»; 2) 36-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Іссапарға барған қызметкердің өзі іссапарға барған мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуы осы Заңда айқындалған тәртіппен конкурстық іріктеуден тыс жүзеге асырылады.». 10. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., № 19-I, № 19-II, 96-құжат): 1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «13) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау - орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтауын тексеру және оған мониторинг жүргізу жөніндегі қызмет;»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |