Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауды бекіту туралы
Осы редакция 2016 жылғы 9 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлеріне сыныптау бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне (З.С. Сағынов): 1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және оны мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді; 4) осы бұйрық Қазақстан Респубикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|