Қазақстан Республикасының (2014.04.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 27 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру мен жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық мәртебесі 1. Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі - Ассамблея) - заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме. 2. Ассамблея өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырады. 3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдері жанындағы заңды тұлға құрылмай, қызметін Ассамблея үйлестіретін мекемелер.
2-бап. Қазақстан Республикасының Ассамблея туралы заңнамасы 1. Ассамблея туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірдейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.
4-бап. Ассамблеяның негізгі міндеттері Ассамблеяның негізгі міндеттері: 1) этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау; 2) халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту; 3) қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу; 4) азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси- құқықтық мәдениетін қалыптастыру; 5) Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету; 6) Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.
5-бап. Ассамблея қызметінің принциптері Ассамблея қызметінің принциптері: 1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы; 2) халық пен мемлекет мүдделерінің басымдылығы; 3) нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге деген қатынасына, нанымдарына немесе кез келген өзге де жағдайларына қарамастан, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі; 4) Ассамблея мүшелерінің тең құқылығы және оның құрамындағы қызметі үшін дербес жауапкершілігі; 5) жариялылық болып табылады.
6-бап. Ассамблея қызметінің негізгі бағыттары Ассамблея қызметінің негізгі бағыттары: 1) мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу; 2) қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу; 3) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту; 4) этносаралық саладағы өңірлік саясатты жетілдіру; 5) демография және көші-қон саласындағы жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 6) елде және шет елдерде этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін насихаттау; 7) этносаралық келісімге қол жеткізуге бағытталған ағартушылық және баспа қызметін жүзеге асыру; 8) этносаралық қатынастар жай-күйінің, оның ішінде мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының басқа да тілдерін қолдану саласында мониторингті жүзеге асыру; 9) мемлекеттік ұлттық саясат мәселелері жөніндегі заң жобаларына қоғамдық-саяси сараптама жасауға қатысу; 10) шет елдердегі қазақ диаспорасына ана тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарын нығайту мәселелерінде қолдау көрсету; 11) этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру және оларды шешуге қатысу; 12) этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық көмек көрсету; 13) этносаралық қатынастар мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің диалогын қамтамасыз ететін семинарлар, конференциялар өткізу, өзге де іс-шараларды жүзеге асыру; 14) этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; 15) Қазақстанның басқа да этностарына өздерінің тарихи отанымен байланысын дамытуға жәрдемдесу; 16) этносаралық келісімге жәрдемдесетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызмет болып табылады.
7-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Ассамблеяға қатысты құзыреті 1. Қазақстан Республикасының Президенті: 1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады; 2) Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды; 3) Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 4) Ассамблея Сессиясын шақырады; 5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады. 2010.14.06 № 290-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі.
2-тарау. АССАМБЛЕЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ
8-бап. Ассамблеяның құрылымы Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Аппараты (Хатшылығы), облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды.
1. Ассамблея Сессиясы - Ассамблея мүшелерінің жиналысы (бұдан әрі - Сессия) Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады. 2. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Кезекті Сессияны шақыру туралы өкім кезекті Сессияның өткізілетін күні, орны және күн тәртібі көрсетіліп, ол басталғанға дейін отыз күннен кешіктірілмей қабылданады, бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады. 3. Кезектен тыс Сессия Ассамблея Төрағасының, Ассамблея Кеңесінің бастамасы бойынша немесе Ассамблея мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады және оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі. 1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің тоғыз депутатын сайлау; 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) Ассамблеяның дамуын айқындауда тұжырымдамалық ұстанымдарды әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзу; 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) Ассамблеяның жұмыс жоспарын және Ассамблеяны дамыту жөніндегі бірінші кезектегі іс-шараларды бекіту; 4) Ассамблея мүшелерінің есептерін тыңдау; 5) жалпы мемлекеттік маңызы бар этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелері бойынша азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің өтініштерін қарау болып табылады. 5. Егер Ассамблея жұмысына оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, Сессия заңды болып есептеледі. 6. Сессияның шешімі, егер оған қатысып отырған Ассамблея мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру тәртібі мен нысанын Сессия айқындайды. 7. Сессияның шешімін Ассамблеяның Төрағасы бекітеді. Ассамблея Сессиясының шешімдеріндегі мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға жіберілген мемлекеттік ұлттық саясат жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстар міндетті түрде қарауға жатады. Сессияның жұмысы Сессия шешімімен бекітілетін регламентпен реттеледі. 8. Ассамблеяның Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің тоғыз депутатын сайлауы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен реттеледі.
1. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылатын Ассамблея Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) жүзеге асырады. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 2. Кеңес Ассамблеяның құрамына кіретін этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеялары, мемлекеттік органдар басшылары арасынан қалыптастырылатын алқалы орган болып табылады. Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Ассамблеяның басқа да мүшелері енгізілуі мүмкін. 3. Кеңестің отырыстарын Кеңестің Төрағасы немесе Ассамблея Төрағасымен келісім бойынша Ассамблея Төрағасының орынбасарлары қажеттілігіне қарай, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет шақырады. 4. Кеңестің өкілеттіктеріне: 1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Ассамблея сайлайтын кандидаттарды ұсыну; 2) Ассамблея мүшелігіне кандидатураларды қарау; 3) Қазақстан Республикасының Президентіне кезекті Сессияны шақыру және оның күн тәртібі туралы ұсыныстар енгізу; 4) Ассамблея Аппаратының (Хатшылығының) жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізу; 5) Сессияның ерекше құзыретіне жатпайтын өзге де шешімдер қабылдау жатады. 5. Егер Кеңестің жүмысына оның мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болып есептеледі. 6. Кеңестің шешімі, егер отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі оны жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
11-бап. Ассамблея Аппараты (Хатшылығы) 1. Ассамблея Аппараты (Хатшылығы) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіретін, қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелетін Ассамблеяның жұмыс органы болып табылады. 2. Аппаратты (Хатшылықты) сонымен бір мезгілде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Аппарат (Хатшылық) меңгерушісі басқарады. 3. Сессияның, Кеңестің шешімдері және Ассамблея Төрағасының тапсырмалары Аппараттың (Хатшылықтың) орындауы үшін міндетті болып табылады. 4. Аппараттың (Хатшылықтың) негізгі функциялары: 1) Ассамблеяның қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, оның ішінде Ассамблеяның қызметін сараптамалық-талдамалық және ақпараттық тұрғыдан қолдау; 2) елдегі этносаралық келісімге ықпал ететін халықаралық, республикалық және облыстық ғылыми-практикалық конференциялар, басқа да іс-шаралар мен акциялар өткізу; 3) мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен және шет елдердің осыған ұқсас құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етуге және Ассамблеяға жүктелген міндеттерді іске асыруға бағытталған өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
1. Ассамблея Төрағасы Ассамблеяны, Ассамблея Кеңесін басқарады және Ассамблеяның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. 2. Ассамблея Төрағасы: 1) Ассамблеяның бағдарламалық құжаттарын бекітеді және оларды іске асыру жөнінде тапсырмалар береді; 2) бұқаралық ақпарат құралдарында және халықаралық ұйымдарда Ассамблея атынан үндеулер және мәлімдемелер жасайды. 3. Ассамблея Төрағасы өз өкілеттіктерінің бір бөлігін Ассамблея Төрағасының орынбасарларына беруге құқылы.
13-бап. Ассамблея Төрағасының орынбасарлары 1. Ассамблея Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. 2. Ассамблея Төрағасының орынбасарлары: 1) Ассамблея Төрағасының ерекше құзыретіне кірмейтін өкілеттіктерді жүзеге асырады; 2) Ассамблея Төрағасының тапсырмасы бойынша Ассамблея атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және халықаралық ұйымдарда өкілдік етеді; 3) Ассамблеядағы істің жай-күйі және бағдарламалық құжаттарының іске асырылу барысы туралы Ассамблея Төрағасына қажеттілігіне қарай ақпарат береді.
14-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары 1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары өз қызметін жүзеге асыру кезінде Ассамблеяның алдында есеп береді және жауапты болады. 2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдері лауазымы бойынша облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеяларының төрағалары болып табылады. 3. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының ұйымдық құрылымын онда өңірлердің ұлттық, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық мүдделерін білдіру қажеттігін ескере отырып, Ассамблея Аппаратымен (Хатшылығымен) келісім бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының төрағасы айқындайды. 4. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының жоғары басшы органы сессия болып табылады. 5. Ассамблея төрағасы құратын және басшылық ететін облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының кеңесі сессиялар аралығындағы басқаруды жүзеге асыратын алқалы орган болып табылады. 6. Әкім аппаратының құрылымына кіретін аппарат (хатшылық) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының жұмыс органы болып табылады. Аппарат (хатшылық) меңгерушісі өз мәртебесі бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы төрағасының орынбасары болып табылады, оны тиісті әкім қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. 7. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары: 1) Ассамблеяның және оның Кеңесінің шешімдерін, Ассамблея Төрағасының өз шешімдері мен тапсырмаларын орындайды; 2) Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа Ассамблея сайлайтын кандидаттарды ұсыну жөнінде ұсыныстар әзірлейді, олар Ассамблея Кеңесіне жіберіледі; 3) өңірдегі этносаралық қатынастардың жай-күйі және оларды нығайту перспективалары туралы ақпарат жинауды және Ассамблеяға ұсынуды тұрақты негізде жүзеге асырады; 4) жергілікті мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, этномәдени және этносаралық қатынастар саласында өз қызметін жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды.
1. Ассамблеяның және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарының - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің және олардың қоғамдағы беделі ескеріле отырып, өзге де адамдардың қатарынан қалыптастырылады. 2. Ассамблеяға мүшелікке кандидатуралар: 1) облыстардың этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің ұсыныстары негізінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары сессияларының шешімі; 2) республикалық, өңірлік этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдарының шешімі бойынша ұсынылады. 3. Ассамблеяға мүшелікке ұсынылатын барлық кандидатуралар Ассамблея Кеңесінің отырысында қаралады және оларды Ассамблея Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады. Қазақстан Республикасының Президенті ұсынылған кандидатураларды қабылдамауға және Ассамблеяның құрамына өз қалауы бойынша өзге де адамдарды кіргізуге құқылы. 4. Этномәдени қоғамдық бірлестіктерден облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясына мүшелікке кандидаттар олардың жоғары басшы органдарының шешімімен ұсынылады және тиісті аппаратқа (хатшылыққа) енгізіледі. 5. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясына мүшелікке барлық кандидаттар кеңестің отырысында, ал кейіннен тиісті ассамблея сессиясында қаралады және оның төрағасының бекітуіне ұсынылады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы төрағасының шешімі бойынша тиісті ассамблея мүшесінің өкілеттігі осы Заңға сәйкес тоқтатылуы мүмкін.
16-бап. Ассамблея мүшелерінің өкілеттігі 1. Ассамблея мүшелері қызметін осы Заңмен айқындалған өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырады. 2. Ассамблея мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде: 1) мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесуге; 2) этносаралық қатынастарға, азаматтардың ана тілі мен мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға берілген конституциялық құқықтарын іске асыруына, нәсілдік, ұлттық немесе тілдік белгісі бойынша кемсітушілікті болғызбауға қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға; 3) этносаралық қатынастар мәселелері бойынша конференциялардың, семинарлардың, «дөңгелек үстелдердің» және өзге де іс-шаралардың жұмысына қатысуға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы. 3. Ассамблея мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде: 1) этносаралық келісімді, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға және Қазақстан халқының басқа да тілдерінің сақталуына ықпал етуге; 2) Ассамблея қызметі мәселелері бойынша Ассамблеяны басқару органдарының шешімдерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Ассамблея Төрағасының және Төраға орынбасарларының тапсырмаларын орындауға; 3) Ассамблея сессияларының жұмысына, оның отырыстарына шығарылатын мәселелерді талқылауға және шешімдерді қабылдауға қатысуға; 4) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, ұлттық, рулық және діни араздықты, өшпенділікті және дұшпандықты қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерге немесе сөздерге жол бермеуге; 5) Ассамблея қызметінің принциптерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті. 4. Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеялары мүшелерінің Ассамблея мүшелері үшін осы бапта көзделгендей құқықтары мен міндеттері болады.
17-бап. Ассамблея мүшесінің өкілеттігін тоқтату 1. Ассамблея мүшесінің өкілеттігі мынадай негіздер бойынша: 1) Ассамблея мүшесінің өз бастамасы бойынша; 2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуына немесе Қазақстанның шегінен тыс жерлерге тұрғылықты тұру үшін кетуіне байланысты; 3) Ассамблея мүшесі болып табылатын және атқаратын мемлекеттік қызметі бойынша Ассамблеяның құрамына кіретін мемлекеттік қызметшінің жұмыс орнын өзгертуіне байланысты; 4) Ассамблея мүшесінің қайтыс болуына байланысты; 5) Ассамблея мүшесін заңды күшіне енген сот шешімі бойынша іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануға байланысты тоқтатылады. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Ассамблея мүшесінің өкілеттігі: 1) денсаулық жағдайы бойынша Ассамблея мүшесі ретінде қызметін жалғастыру мүмкін болмаған; 2) Ассамблея мүшесінің осы Заңда белгіленген өз міндеттерін тиісінше атқармаған; 3) Ассамблея мүшесі атағына кір келтіретін қылық жасаған; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) қылмыс жасағаны үшін Ассамблея мүшесіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; 5) өзге де негіздер болған жағдайда тоқтатылуы мүмкін. 3. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы мүшесінің өкілеттігі осы баптың 1-тармағында аталған негіздер бойынша, сондай-ақ басқа облысқа (республикалық маңызы бар қалаға, астанаға) тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда тоқтатылады.
18-бап. Парламент Мәжілісінің Ассамблея сайлаған депутаты өкілеттігінің тоқтатылуы 1. Парламент Мәжілісінің Ассамблея сайлаған депутатының өкілеттігі Ассамблеяның шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. 2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Ассамблея сайлаған депутатын кері шақырып алу туралы шешім Ассамблея Сессиясында қабылданады. 3. Парламент Мәжілісінің Ассамблея сайлаған депутатының өкілеттігін тоқтату туралы Ассамблеяның шешімі қабылданған күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына беріледі.
3-тарау. ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
19-бап. Ассамблеяның және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеяларының қызметін қаржыландыру көздері Ассамблея, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеялары, Ассамблеяның құрамына кіретін этномәдени қоғамдық бірлестіктер ұйымдастыратын Қазақстандағы этносаралық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржыландырылады.
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2008 жылғы қазанның 20-сы.
№ 70-ІV ҚРЗ
|