Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары (гербицидтер) түрлерінің тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 121 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 мамырда № 13717 болып тіркелді) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары (гербицидтер) түрлерінің тізбесі және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың нормалары бекітілсін. 2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 197 «Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары (гербицидтер) түрлерінің тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4863 тіркелген, 2017 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) және 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 209 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 197 «Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары (гербицидтер) түрлерінің тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5345 тіркелген, 2018 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|