|
|
|
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі: 1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін; 2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат берсін. 3. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар: 1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін. 4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат берсін.
Премьер-Министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 91-ө өкімімен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |