|
|
|
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы»
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық карантиндік зертхана» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық жеміс-жидек дақылдарының интродукциялық-карантиндік питомнигі» республикалық мемлекеттік мекемесін және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік питомнигі» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Мекеме Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - орталық) болып қайта аталсын. 3. Орталық қызметінің негізгі мәні өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету болып айқындалсын. 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) орталық жарғысын бекітуді және оны әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 911 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |