Осы редакция 2018 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығына 3-қосымша
«Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі — Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы ққ. әділет департаменттері (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызмет алушының тапсырған сәтінен бастап күнтізбелік 15 (он бес)күн; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут; 3) көрсетілетін қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минуттан аспайды. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариустардың мөрлерін беру. Көрсетілетін қызметті беруші нотариустың мөрін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мөрді беру журналында қол қою арқылы береді. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|