|
|
|
Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы (2016.27.01. берілген толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 1 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның нысаны; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы хабарламаның нысаны; ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.27.01. № 32 бұйрығымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) осы бұйрыққа 3-1-қосымшаға сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның нысаны; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |