Осы редакция 2018 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығына 1-қосымша
«Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (2018.10.01. берілген өзгерістермен)
«Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiн қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет). 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi. ҚР Әділет министрінің 2018.10.01. № 54 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттiк қызметті аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiметтің» веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
ҚР Әділет министрінің 2018.10.01. № 54 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi: аттестаттауға жіберуден бас тарту немесе аттестаттауға жіберу туралы шешім шығарылған жағдайда - күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей; аттестаттау өткізген кезде - 5 (бес) жұмыс күні; аттестаттау не аттестаттамау туралы комиссия шешім шығарған кезде - аттестаттау жүргізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей. Көрсетілетін қызметті беруші қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады. Аттестаттаудан өткізу қажеттілігіне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|