|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы (2024.04.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 10-бабының 5-тармағына және 18-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) алқалы орган болып табылады, атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді. 2. Үкімет қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, заңдармен өзге де нормативтік құқықтық актілермен және осы Регламентпен реттеледі. 3. Үкімет жұмысының негізгі қағидаттары: 1) мәннің нысаннан басымдығы - нақты және өлшенетін нәтиженің оған қол жеткізу жөніндегі жұмыс нысанынан басым болуы; 2) әдепкі қалпы бойынша цифрландыру - мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен және бір-бірімен цифрлық форматта жан-жақты өзара іс-қимыл жасауының басымдығы; 3) басқарушылық жауапкершілік - нақты басшының құзыреті аясына кіретін шешімдерді қабылдау мен мәселелерді келісуді жоғары тұрған деңгейге және алқалы органдарға беруге жол берілмейтіні; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |