|
|
|
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мәселелерi (2015.25.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 9 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2011.02.08. № 900 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі туралы ереже; 2) ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 881 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 881 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 881 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. Мыналарға: ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлер комитетiнiң төрағасына бес орынбасары болуына; 2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына рұқсат берілсiн. 5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 881 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2014.15.08. № 938 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесіне, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс саласында басшылық етуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыру саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. ҚР Үкіметінің 2014.15.08. № 938 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көліктегі аумақтық органдары, сондай-ақ мынадай ведомстволары бар: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы; 2) Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті; 3) Әкімшілік полиция комитеті; 4) Төтенше жағдайлар комитеті. 3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады. 5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Егер Министрлікке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрінің бұйрығымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Министрліктің құрылымы мен штат саны лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 9. Министрліктің заңды мекенжайы: 010010, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1. 10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» мемлекеттік мекемесі. 11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 12. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 13. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға заңнамалық актілермен құқық берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
ҚР Үкіметінің 2014.15.08. № 938 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14. Министрліктің миссиясы - адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау, халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау, елдің азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту. ҚР Үкіметінің 2014.15.08. № 938 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 15. Міндеттері: 1) құқық бұзушылық профилактикасы; 2) қоғамдық тәртіпті сақтау; 3) қылмысқа қарсы күрес; 4) қылмыстық жазаларды және әкімшілік шара қолдануды орындау. 5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың салдарының алдын алу және жою, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының қалыптасуы мен жұмыс істеуінің негізгі міндеттерін, ұйымдық қағидаттарын айқындау. ҚР Үкіметінің 2014.15.08. № 938 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 16. Функциялары: Орталық аппараттың функциялары: 1) құқық бұзушылық профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы күрес, қылмыстық жазаларды және әкімшілік шара қолдануды орындау салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді; 2) жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 3) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 4) есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимылды қамтамасыз етеді; 5) азаматтық, халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 6) ішкі істер органдары жүйесіндегі бірыңғай мемлекеттік кадрлық саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 7) ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы бөлімшілеріне басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ олардың ұдайы жауынгерлік және жедел әзірлігін қамтамасыз етеді; 8) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша жалпыреспубликалық және өңірлік жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларын өткізу бойынша ұйымдастырушылық басқаруды жүзеге асырады; 9) криминалдық, әкімшілік полицияның және ішкі істер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы органдарының, қылмыстық-атқару жүйесінің, әскери-тергеу органдарының, Министрліктің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің өзге де қызметтерінің және көліктегі ішкі істер органдары бөліністерінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады; 10) криминалдық, әкімшілік полицияның және полицияның өзге қызметтерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, әскери-тергеу органдарының, Министрліктің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің, көліктегі ішкі істер органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды; 11) ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесінің қызметін үйлестіруді және жоспарлауды жүзеге асырады; 12) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мен бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, әскери-тергеу органдарының қызметін үйлестіру мен ведомстволық бақылауды жүзеге асырады; 13) Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде төтенше және әскери жағдай енгізілген жағдайда, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде режимді қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 14) авария, өрт, табиғи апат салдарын жою кезінде және басқа да төтенше оқиғалар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырады; 15) ауыр қылмыстар жасаған, жаппай тәртіпсіздіктер, табиғи апаттар мен басқа да төтенше оқиғалар кезінде күштер мен құралдарды жедел басқаруды қамтамасыз етеді; 16) ішкі істер органдарын агрессияны тойтаруға жауынгерлік әзірліктің және бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар кезінде жедел-қызметтік әзірліктің жоғары дәрежесіне ауыстыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады; 17) республика өңірлеріндегі жедел ақпаратты үздіксіз жинауды және криминогендік ахуалды кешенді талдауды қамтамасыз етеді; 18) арнайы және әскери тасымалдауларды ұйымдастырады; 19) ішкі істер органдарының жұмылдыру даярлығы, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, ішкі істер органдарының арнаулы бөлімшелерінің толық және уақтылы жұмылдыруға ұдайы әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлейді; 20) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне, мемлекеттік органдарға республикадағы қылмысқа қарсы күрестің, қоғамдық тәртіпті сақтаудың жай-күйі туралы ақпарат береді; 21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық тәртіпті сақтауды, құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алуды жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлейді; 22) қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау саласында және ішкі істер органдарының қарамағына жатқызылған өзге де мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды, ұйымдастырады және жүзеге асырады; 23) қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында республикалық ақпараттық жүйені құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 24) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгі паспортын әзірлейді; 25) жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру бойынша үлгі оқу бағдарламалары мен үлгі оқу жоспарларын әзірлейді; 26) Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекітеді; 27) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөліністерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді; 28) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді; 29) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөліністерінің өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы қағидаларды әзірлейді; 30) учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі қағиданы әзірлейді; 31) жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолын кесу жөнінде шаралар әзірлейді; 32) жүргізуші куәліктерінің, көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бланкілерінің нысандары мен үлгілерін әзірлейді және бекітеді; 33) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу тәртібін, біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібін бекітеді; 34) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеуден өткізеді және олардың тізілімін жүргізеді; 35) мемлекеттік органдардың жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; 36) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер мен білім беру ұйымдарының тізбесін, олардың есептілік нысандары мен ұсыну мерзімділігін бекітеді; 37) жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықтауға және арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша бояуға жататын жедел және арнайы қызметтер тізбесін әзірлейді; 38) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, емтихан қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын әзірлейді; 39) мас күйді куәландыруға жіберу, мас күйді куәландыру және оның нәтижелерін ресімдеу қағидаларын әзірлейді; 40) механикалық көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын әзірлейді; 41) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға олардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген міндеттерін орындауы үшін көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша деректерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша ұсыну тәртібін және беруді айқындайды; 42) профилактикалық іс-шаралар өткізу тәртібін әзірлейді және қауіпсіз жол қозғалысы мәселері жөнінде халықты құқықтық оқытуды және ақпараттандыруды қамтамасыз етеді; 43) азаматтарды бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға тарту тәртібін, нысандарын және түрлерін айқындайды; 44) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар үшін куәлік үлгісі мен эмблема белгісін бекітеді; 45) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкес келуіне қорытынды беруді жүзеге асырады; 46) жедел-криминалистикалық қызметті жүзеге асырады; 47) ішкі істер органдарындағы жедел-криминалистикалық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді; 48) күдіктілерді, айыпталушыларды, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан, ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде ұсталатын, профилактикалық есепке қойылған адамдарды криминалистикалық есептерге қою үшін, суретке түсіреді, дактилоскопия жасау, дыбыс жазу, кино- және бейнетүсірілім жүргізу, биологиялық және одорологиялық басқа да үлгілерді іріктейді; 49) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мамандандырылған күзет бөлімшелерінің қызмет өткеруін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді; 50) Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің Қазақстан Республикасы үшін халықаралық квоталар бекітуі үшін Қазақстан Республикасының есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға қажеттілік нормалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар береді; 51) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымы саласында мемлекеттік және өзге ұйымдардың, сондай-ақ нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік консультациялық-кеңесші органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады; 52) Қазақстан Республикасында бақылауға алуға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне және заңсыз айналымда табылған шағын, ірі және аса ірі көлемді есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жиынтық кестесіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар енгізеді; 53) құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің Қазақстан Республикасы үшін халықаралық квоталарды бекітуі үшін Қазақстан Республикасының есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға қажеттілік нормаларын әзірлейді; 54) Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарымен бірлесіп, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың барлық түрлерінің ауқымын болжайды; 55) Қазақстан Республикасындағы есірткі ахуалының жай-күйін және даму үрдісін, өңіраралық, көздерін және есірткілердің заңсыз айналымға түсу арналарын, олардың жолын жабу жөніндегі шаралардың әзірлемесін, тиісті ақпараттық-талдау материалдардың дайындығын талдайды; 56) уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымы мен олардың теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл жасау саласында ғылыми зерттеулерді үйлестіреді; 57) жеке басты куәландыратын құжаттардың үлгілерін, оларды ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін әзірлейді: Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі; 58) босқындардың жол жүру құжатының үлгілерін бекітеді және оны беруді жүзеге асырады; 59) босқын мәртебесін беру туралы қолдаухатты тіркеу және қарау тәртібін, пана іздеген адам куәлігінің үлгілерін бекітеді; 60) өз құзыреті шегінде босқын деп танылған адамға шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға жәрдемдеседі; 61) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия құрады, сондай-ақ оның ережесін әзірлейді және бекітеді; 62) пана іздеген адамдар мен босқындардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етеді; 63) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың келуін, болуын және кетуін бақылау жөніндегі бірыңғай ақпараттық жүйесін әкімшілендіреді; 64) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, шекаралық режим қағидаларынның сақталуын қамтамасыз етеді; 65) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзған адамдарды және өзге де құқық бұзушыларды іздестіруде, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың мән-жайларын анықтауда және тексеруде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жәрдем көрсетеді; 66) шекаралық кеңістіктегі құқық тәртібінің жай-күйі, тұрғылықты жерінен белгісіз мән-жайларда кетіп қалған адамдар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына қатысты құқыққа қарсы пиғылдары бар қылмыстық топтар мен адамдар туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар етеді; 67) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың, оның ішінде босқындардың жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне немесе шекаралық кеңістікте орналасқан объектілерге баруын уақытша шектейді немесе баруына тыйым салады; 68) ішкі істер органдарының қызметкерлерін аттестаудан өткізеді; 69) компьютерлік тестілеуден өту қағидаларын және кәсіби қызметтік даярлық деңгейін, құқықтық мәдениетін және ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаматтармен жұмыс істей білу қабілеттерін анықтау үшін оқу жылының қорытындысы бойынша дене шынықтыру және атыс даярлығы бойынша нормативтерді әзірлейді; 70) табельдік қаруды алу және тапсыру кезінде, сондай-ақ қызметін атқару барысында қаруды және оқ-дәріні қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді; 71) ішкі істер органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және айыру қағидаларын әзірлейді; 72) ішкі істер органдарының жүйесі үшін кадрлар даярлауды және оқытуды ұйымдастырады, кадрларға қажеттілікті және Министрліктің білім беру ұйымдарының түлектерін ішкі істер органдары бөлімшілеріне бөлу тәртібін айқындайды; 73) құрылымдар мен штаттарды, оның ішінде үлгі, штаттық нормативтерді, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің жүктеме нормативтерін әзірлейді және бекітеді; 74) лауазымдар номенклатурасын, ішкі істер органдарындағы лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын, конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, қызметке кірер алдындағы конкурс пен тағылымдама өткізудің шарттары мен тәртібін әзірлейді және бекітеді; 75) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру туралы қағиданы әзірлейді; 76) ішкі істер органдарында мемлекеттік құпияларды қорғауды, құпиялық режимінің сақталуын ведомстволық бақылауды қамтамасыз етеді; 77) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерге және ішкі істер органдары жүйесінде құпияландыруға жататын мәліметтерге билік етеді, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік мәліметтердің тізбесін жариялау туралы бекітеді; 78) ішкі істер органдарында іс қағаздарының бірыңғай мемлекеттік жүйесінің қолданылуын қамтамасыз етеді; 79) ішкі істер органдарының қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады; 80) орталық аппараттың, ішкі істер органдары мен бөлімшелерінің, Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың ішкі мемлекеттік қаржы бақылауын жүзеге асырады; 81) ішкі істер органдарының жүйесін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 82) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар әзірлейді және бекітеді; 83) Министрліктің соттағы, өзге де мемлекеттік органдардағы мүдделерін қорғауды және осы жұмысты жергілікті жерлерде үйлестіруді қамтамасыз етеді; 84) азаматтарды қабылдауды, азаматтардың, лауазымды адамдардың жазбаша арыздарын, өтініштерін және ұсыныстарын уақтылы және толық қарауды, олар бойынша шешімдер қабылдауды жүзеге асырады; 85) бағынысты органдар мен ішкі істер бөлімшелерінің қызметіне бақылауды жүзеге асырады; 86) Министрлік жүйесінің өзіндік қауіпсіздігін, ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, сондай-ақ олардың қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді; 87) барлық деңгейдегі басшылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау бойынша жұмыстың жай-күйі және қарамағандылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасағаны үшін дербес жауапкершілігін қамтамасыз етеді; 88) Министрліктің арнайы мемлекеттік мұрағатына құжаттар қабылдауды, оларды сақтауды, есепке алуды және пайдалануды жүзеге асырады; 89) ведомстволық және жедел есептерді құрады, пайдаланады және жетілдіреді; 90) ақпараттық және ақпараттық-талдау жүйелерін құрады, пайдаланады және жетілдіреді; 91) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшелерін, арнаулы, құқық қорғау және мемлекеттік органдарын, сондай-ақ жасасқан келісімдер шеңберінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерді ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 92) дербес деректерді өңдеу кезінде заңнама және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, Министрліктің ақпараттық ресурстарына ішкі істер органдары бөлімшелеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді; 93) ведомстволық статистикалық, мұрағаттық және өзге де ақпаратты жинауды, жинақтауды, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынуды жүзеге асырады; 94) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыруға қатысады; 95) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді; 95-1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыру бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз етеді;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |