Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (2022.24.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 27 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2021.19.04. № 37 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 Қаулысын қараңыз
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының қаржы секторының шолуын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2021.19.04. № 37 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|