«2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы (2019.21.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2019.21.02. № 83 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1. 2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2019 жылға мынадай: 1) кірістер - 9 631 121 733 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 6 661 306 420 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 117 751 450 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 6 884 960 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 2 845 178 903 мың теңге; 2) шығындар - 10 335 045 772 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 143 838 857 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 260 817 717 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 116 978 860 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 131 269 962 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 131 269 962 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - -979 032 858 мың теңге немесе елдің iшкi жалпы өнiмінің 1,5 пайызы; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -4 419 670 858 мың теңге немесе елдің iшкi жалпы өнiмінің 6,9 пайызы; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 979 032 858 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын. 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттің жобасына кейінге қалдыру шартымен енгізілген, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің басым республикалық бюджеттік инвестицияларының тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|