|
|
|
Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы (2022.18.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2022.18.08. № 687 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 396 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің» 15-тармағы 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін. ҚР Ішкі істер министрінің 2018.16.07. № 517 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |