Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2016 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 16, 172-құжат): 2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2-1. Әзірлеуші уәкілетті мемлекеттік органдар көрсетілген Ереже талаптарына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жіберуді қамтамасыз етсін.»; мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын: «2-2. Қазақстан Республикасының заң жобаларын әзірлеуші уәкілетті мемлекеттік органдар ғылыми сараптама жүргізбеуге болатын, Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларын, сондай-ақ халықаралық шарттарды ратификациялауды көздейтін заңнамалық актілердің жобаларын енгізу жағдайларын қоспағанда, оларды көрсетілген Ереже талаптарына сәйкес ғылыми экономикалық сараптама жүргізуге жіберуді қамтамасыз етсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде: мынадай мазмұндағы 88-1-тармақпен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|