Қазақстан Республикасы Президентінің (2013.07.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. ҚР Президентінің 2013.07.03. № 523 Жарлығымен алып тасталды (2013 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз құрылымдары мен штат кестелерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін. 3. Мемлекеттік органдарға Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде аталған лауазымдар атауларына қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атаулар қолдану құқығы берілсін. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бір ай мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) бұрын қабылданған өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін; 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 21, 265-құжат; № 33, 439-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; № 39, 429-құжат): атауындағы «тәртібі туралы ережені» деген сөздер «ережесін» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтағы «тәртібі туралы ереже» деген сөздер «ережесі» деген сөзбен ауыстырылсын; аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімінде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|