|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Кинематография туралы (2021.29.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасы 3-бап. Кинематография саласындағы мемлекеттік саясаттың қағидаттары 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 5-бап. Уәкілетті органның құзыреті 7-бап. Фильмді прокаттау және көрсету 8-бап. Фильмдердің жас сыныптамасы 9-бап. Фильмдерді прокаттау тілі 12-бап. Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау 13-бап. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 15-бап. Кинематография саласындағы субсидия 17-бап. Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң кинематография саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және оның құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) әлеуметтік маңызы бар фильмдер - қоғамның патриоттық, рухани-адамгершілік, зияткерлік және мәдени әлеуетін арттыруға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған өзекті, оның ішінде тарихи фильмдер; 2) бірлесіп шығарылған фильм - шығарылуы шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалар мен Қазақстан Республикасы азаматтарының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының қатысуымен жүзеге асырылатын фильм; 3) дебюттік кино - жаңадан бастаған авторлар шығаратын фильмдер; 4) кадр сыртындағы аударма - аударылған сөздер туындының түпнұсқа дыбыс жолына салынатын фильмді аудару түрі; 5) кинематография - фильмдерді шығаруға, пайдалануға және сақтауға бағытталған шығармашылық, ұйымдастырушылық-өндірістік, экономикалық, ғылыми, білім беру қызметінің түрлерін біріктіретін мәдениет саласы; 6) кинематографиялық ұйым - қызметінің негізгі түрлері: фильм және (немесе) киножылнама шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді сақтау болып табылатын заңды тұлға; 7) киножоба - фильмді шығаруды және прокаттауды жүзеге асыруға негіз болатын құжаттар мен материалдардың (сценарий, режиссерлік экспликация, фильм шығаруға арналған смета, күнтізбелік-қойылымдық жоспар, маркетинг жоспары, көзбен шолу материалдары) жиынтығы (топтамасы); 8) киножылнама - уақыттың, орынның, мән-жайлардың өзіне тән ерекшеліктерін көрсететін және келешекте фильм шығаруға есептелген деректі сюжеттер; 9) Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдер - Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары шығарған және құқық иеленушілері де Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын фильмдер; 10) Мемлекеттiк фильмдер қоры - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, фильмдердi сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға; 11) Мемлекеттiк фильмдер тiзiлiмi - прокатталуы және көрсетiлуi Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын фильмдердiң тiзбесi; 12) оқиғалы фильмдер - мерейтойлық және атаулы күндерге, аса көрнекті тұлғаларға, қоғамдық маңызы бар және маңызды оқиғаларға арналған фильмдер; 13) субтитрлеу - фильмді түпнұсқа тілінде мәтінмен сүйемелдеуді немесе аударма, дубляж жасау және (немесе) қосымша диалогтар мен сахнадағы іс-қимыл көріністерін толықтыру процесі; 14) уәкiлеттi орган - кинематография саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 15) ұлттық фильм куәлігі - жеке немесе заңды тұлғаның осы Заңда көзделген мемлекеттік қолдау шараларына құқығын куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат; 16) фильм - шығармашылық ниеттің негізінде жасалған, жеткізгіште жазылған және біртұтас тақырыпқа біріктірілген бейнеден және дыбыстық сүйемелдеуден тұратын дыбыстау-бейнелеу туындысы; 17) фильмге дубляж жасау (дубляж) - қатысушы адамдардың буын артикуляциясына сай келетін аударма арқылы басқа тілдегі фильмнің дыбыстық қатарының тілдік бөлігін ілеспе түрде қайта жасаудан тұратын шығармашылық және өндірістік қызмет; 18) фильмге прокаттау куәлігі (бұдан әрі - прокаттау куәлігі) - фильм туралы техникалық мәліметтер, фильмнің жасаушылары, жас санаты мен жанры туралы ақпарат көрсетілетін, жеке немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында фильмді тарату құқығын куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат; 19) фильмдерді сақтау - фильмдер мен киножылнаманы және олардың бастапқы материалдарын сенімді, ұзақ мерзімге сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған қызмет, фильмдердің бастапқы материалдары мен көшірмелерін профилактикалық өңдеу, реставрациялау және қалпына келтіру; 20) фильмдер мен киножылнаманың бастапқы материалдары - негатив, контратип, бейне негативі, фонограмма негативі, эталондық көшірме, қондырғы роликтер, паспорттар және олардың жазбалары, фильмнің бақылау көшірмесі, қайта жазбаның, музыканың, шулардың магнитті фонограммаларының түпнұсқасы, бейнефонограмма-мастер, компакт-диск және фильмнің кез келген материалдық нысанда таралымын көбейту үшін қажетті өзге де материалдар; 21) фильмді көрсету - кинозалда, телекоммуникация желілері арқылы таралатын теле-, радиоарналарда және басқа да техникалық тәсілдермен жүзеге асырылатын, фильмді көпшілікке демонстрациялау; 22) фильмді прокаттау - фильмді көрсету мақсатында оны Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған тәсiлдермен тарату; 23) фильмді тіркеу - Қазақстан Республикасының аумағында таратылуға арналған фильм туралы мәліметтерді Мемлекеттік фильмдер тізіліміне енгізу; 24) фильмнiң таралымын көбейту - фильмнiң бiр немесе одан да көп көшiрмесiн (таралымын) кез келген материалдық нысанда дайындау; 25) фильм шығару - нәтижесінде фильм жасалатын, автордың шығармашылық ниетін іске асыру процесі; 26) шектеулі прокат - саны Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін кинозалдардың жалпы санының он пайызынан аспайтын кинозалдарда фильмдерді бір рет көрсету.
2-бап. Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Кинематография саласындағы мемлекеттік саясаттың қағидаттары Кинематография саласындағы мемлекеттік саясат мынадай қағидаттар негізінде іске асырылады: 1) ұлттық фильмдерді шығару, пайдалану, олардың таралымын көбейту, прокаттау, көрсету және сақтау үшін жағдайлар жасау; 2) ұлттық фильмдерді, оның ішінде шет елдерде таратуды және ілгерілетуді ынталандыру және қолдап отыру; 3) кинематографияның шығармашылық, өндірістік, техникалық, білім беру және ғылыми базасын дамытуды мемлекеттік қолдау; 4) Қазақстан Республикасының аумағындағы халық үшін кинематография туындыларының қолжетімділігі; 5) кинематография саласында қазақ тілін дамыту үшін жағдайлар жасау.
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) кинематография саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады; 2) Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құрады; 3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
5-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 1) кинематография саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) кинематографияны мемлекеттік реттеуді және қолдауды жүзеге асырады; 3) мемлекеттік ұйымдардың кинематографияны дамыту жөніндегі қызметін қолдап отырады және үйлестіреді; 4) Мемлекеттік фильмдер тізілімін жүргізеді; 5) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 6) прокаттау куәлігін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 7) фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 8) прокаттау куәлігін және ұлттық фильм куәлігін береді; 9) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін әзірлейді және бекітеді; 5-баптың 10) тармақшасы 2025 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады 10) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу қағидалары мен шарттарын әзірлейді және бекітеді; 11) прокаттау куәлігін беру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында прокаттауға арналған фильмдердің жас сыныптамасын жүзеге асырады; 12) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен фильмді ұлттық деп таниды; 13) кинематография саласындағы ғылым мен білімді дамытуға, шығармашылық және техникалық кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі; 14) кинематография саласындағы халықаралық байланыстарды дамытады, кинематографиялық ұйымдардың халықаралық комиссияларға, фестивальдарға, конференцияларға және басқа да іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады; 15) Қазақстан Республикасының аумағындағы фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін орнату және жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатын жүйеге келтіруді және есепке алуды қамтамасыз етеді; 16) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатының мониторингін жүзеге асырады; 17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары: 1) кинематография саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі халық үшін кинематография туындыларының қолжетімділігіне жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Фильмді прокаттау және көрсету 1. Фильмді фестивальдарда, семинарларда, ретроспективада көрсету жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында фильмді прокаттау және көрсету ол Мемлекеттік фильмдер тізілімінде тіркелген кезде ғана және берілген прокаттау куәлігіне сәйкес жүзеге асырылады. Осы талап бұрынғы КСРО-ның кинематографиялық ұйымдары шығарған фильмдерге қолданылмайды. 2. Мемлекеттік фильмдер тізілімінде тіркелген фильмге прокаттау куәлігі беріледі. 3. Прокаттау куәлігін беру уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жүзеге асырылады. 4. Прокаттау куәлігін алу үшін жеке немесе заңды тұлға: 1) уәкілетті орган басшысының атына өтінішті; 2) жеке немесе заңды тұлғаның фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттарды (шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариат куәландырған көшірмелер қоса беріледі); 4) Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдерде пайдаланылатын туындылар туралы мәліметтерді ұсынуы қажет. 5. Прокаттау куәлігін алуға арналған өтініш келіп түскен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган жеке немесе заңды тұлғаға прокаттау куәлігін береді. 6. Уәкілетті орган жеке немесе заңды тұлғаға прокаттау куәлігін беруден мынадай негіздер бойынша: 1) жеке немесе заңды тұлға анық емес және (немесе) бұрмаланған ақпарат берсе; 2) жеке немесе заңды тұлға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдарды ұсынбаса; 3) осы Заңның 9-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген талаптар сақталмаған жағдайда; 4) егер фильмнің мазмұны Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды, сондай-ақ порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған жағдайда, бас тартады. 7. Прокаттау куәлігін беруге бұрын негіз болған фильм туралы ақпараттың анық еместігі және (немесе) бұрмаланғандығы анықталған жағдайда, уәкілетті орган прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұрады. Прокаттау куәлігінің қолданысы прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұруға алып келген себептерді жою үшін қажетті мерзімге тоқтатыла тұрады, бірақ ол күнтізбелік алпыс күннен аспайды. Прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұру туралы шешім оны берген адамның не оны алмастыратын адамның бұйрығымен, уәкілетті орган мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ресімделеді және прокаттау куәлігін алған жеке немесе заңды тұлға қабылданған шешім туралы хабардар етілген күннен бастап күшіне енеді. Прокаттау куәлігінің қолданысы прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұрған адамның не оны алмастыратын адамның бұйрығымен, прокаттау куәлігін алған жеке немесе заңды тұлғаның прокаттау куәлігінің қолданысын бұрын тоқтата тұруға алып келген мән-жайларды жою туралы жазбаша өтініші тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта басталады. Прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұруға бұрын негіз болған мән-жайлар жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган прокаттау куәлігін сот тәртібімен кері қайтарып алады.
8-бап. Фильмдердің жас сыныптамасы 1. Қазақстан Республикасында шығарылған барлық фильмдерге және Қазақстан Республикасының аумағына прокаттау мақсатында әкелінетін (жеткізілген) фильмдерге мынадай жас санаттары беріле отырып, жас сыныптамасы жүзеге асырылады: 1) «6 жасқа дейін» - алты жасқа толмаған балаларға арналған фильмдер; 2) «6 жастан бастап» - алты жасқа толған балаларға арналған фильмдер; 3) «12 жастан бастап» - он екі жасқа толған балаларға арналған фильмдер; 4) «14 жастан бастап» - он төрт жасқа толған балаларға арналған фильмдер; 5) «16 жастан бастап» - он алты жасқа толған балаларға арналған фильмдер; 6) «18 жастан бастап» - он сегіз жасқа толған көрермендерге арналған фильмдер; 7) «21 жастан бастап» - жиырма бір жасқа толған көрермендерге арналған фильмдер. 2. Фильмдерді «6 жасқа дейін», «6 жастан бастап», «12 жастан бастап», «14 жастан бастап» және «16 жастан бастап» жас санаттарына жатқызу өлшемшарттары «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өлшемшарттарға сәйкес келеді. «18 жастан бастап» жас санатына: Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған ақпаратты қоспағанда, балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратты; кинотуындының сюжеті мен көркемдік міндеті тұрғысынан ақталуы шартымен, суицидтің, адам өлтірудің, отбасылық өмір проблемалары мен ажырасудың, есірткіге және алкогольге тәуелділіктің, аурулардың, бейәлеуметтік жүріс-тұрыстың, жалаңаштанудың, жыныстық қатынас немесе басқа да эротикалық әрекеттер көріністерінің сипатталуын және (немесе) бейнеленуін; дөрекі жаргон, былапыт сөздердің, нормативтік емес лексиканың эпизодтық қолданылуын қамтитын фильмдер жатады. «21 жастан бастап» жас санатына: Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған ақпаратты қоспағанда, кез келген көріністердің сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтитын; дөрекі жаргон, былапыт сөздерді, нормативтік емес лексиканы қолданудағы шектеулерді қамтымайтын фильмдер жатады. 3. Кодын ашатын техникалық құрылғылар қолданыла отырып, ақылы негізде таратылатын фильмдерді қоспағанда, телеарналарда «18 жастан бастап» жас санаты бар фильмді - жергiлiктi уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн, «21 жастан бастап» жас санаты бар фильмді жергiлiктi уақытпен сағат нөлден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн прокаттауға жол берiледi. «21 жастан бастап» жас санаты бар фильмді кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда жергiлiктi уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн прокаттауға жол берiледi. 4. Қазақстан Республикасының аумағында прокаттау куәлiгiн алған және (немесе) фильмдер прокаттауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар көрерменге фильмнiң жас санаты туралы ақпарат беруге мiндеттi. 5. Фильмдердің «6 жасқа дейін», «6 жастан бастап», «12 жастан бастап», «14 жастан бастап», «16 жастан бастап» және «18 жастан бастап» жас санаты белгісі Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Фильмдердің «21 жастан бастап» жас санаты белгісі ромбтағы «21+» белгісімен және (немесе) «жиырма бір жасқа толған көрермендерге арналған» деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескертумен белгіленеді. 6. Фильмнің жас санаты туралы ақпарат Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілуге және көрермендер үшін қолжетімді болуға тиіс.
9-бап. Фильмдерді прокаттау тілі 1. Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді прокаттау қазақ тілінде және басқа да тілдерде жүзеге асырылады. 2. Ұлттық фильмдерді прокаттау қазақ тілінде және қажеттігіне қарай басқа да тілдерде жүзеге асырылуға тиіс. 2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Прокатталуы шектеулі фильмдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда прокатталуы және көрсетілуі қазақ тілінде жүзеге асырылмайтын фильмдер қазақ тілінде дубляж жасалуға не субтитрленуге, не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілуге тиіс. Қазақ тілінде фильмдерге дубляж жасау, оларды субтитрлеу не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз ету кезінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, олардың дұрыс құрастырылуы және дыбысталуы сақталуға тиіс. Субтитрлеу орфография нормаларына сәйкес жазылады. Фильмдерге дубляж жасаудың, оларды субтитрлеудің мазмұнын аудару не оларды кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз ету олардың негізгі мағынасын бұрмаламауға тиіс. Телеарналарда фильмдерді прокаттау және көрсету Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Фильмде қолданылатын нормативтік емес лексика тиісті техникалық құралдармен (дыбыс сигналымен) жойылуға тиіс. 5. Егер Қазақстан Республикасында шығарылған фильмде қазақ тілімен қатар басқа да тілдер қолданылған жағдайда, оны прокаттауды және көрсетуді жүзеге асыру кезінде басқа тілдердегі мәтін қазақ тілінде субтитрленуге не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілуге тиіс.
1. Фильмдер түрлері бойынша мыналарға бөлінеді: 1) анимациялық фильм - графикалық әдістерді және бейнелеу өнері тәсілдерін, сондай-ақ компьютерлік графика мүмкіндіктерін пайдалану жолымен қимылдар мен көріністер жандандырыла отырып жасалатын фильм; 2) деректі фильм - режиссер операторлық өнер, монтаждық құрау құралдарымен және басқа да құралдармен түсіндіретін өзекті оқиғалар, шындық фактілері жинақталып көрсетілген сценарий желісінің негізінде жасалатын фильм; 3) ойын фильмі - сценарийдің негізінде жасалатын және актерлік ойын, режиссура, операторлық өнер, қоюшы-суретшінің, композитордың және кинематография саласындағы басқа да қатынас субъектілерінің шығармашылығы құралдарымен іске асырылатын фильм; 4) хроникалы фильм - өзекті оқиғалар мен шындық фактілері көрсетілген фильм. 2. Ұзақтығы елу екі минуттан кем емес фильм - толық метражды, ұзақтығы елу екі минутқа жетпейтін фильм қысқа метражды фильм болып табылады.
11-бап. Қазақстан Республикасының аумағындағы Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі 1. Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді жүйеге келтіру және есепке алу мақсатында уәкілетті орган Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізеді. 2. Фильмдерді көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым фильмдерді есепке алуды жүргізеді және Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне олар бойынша ақпарат береді. 3. Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
12-бап. Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау 1. Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 1) ұлттық фильмдерді қаржыландыру; 2) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру; 3) ұлттық фильмдер мен олардың бастапқы материалдарын ұлттық мәдени игіліктің ажырамас бөлігі ретінде сақтау; 4) Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасына сәйкес кинематография саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; 12-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы 2025 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады 5) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу. 2. Мемлекеттік қаржылық қолдау ұлттық фильмдерді шығаруды, прокаттау мен көрсетуді және осыған байланысты іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ шетелде ұлттық фильмдерді ілгерілету үшін ұсынылады. 3. Осы Заңға сәйкес қаржыландыру туралы шешім қабылданған, ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру мынадай көлемдерде: 1) әлеуметтік маңызы бар фильмдер, дебюттік фильмдер, оқиғалы фильмдер үшін - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарудың сметалық құнының жүз пайызына дейін; 2) бірлесіп шығарылатын фильмдер үшін - осындай фильмдерді шығару туралы тиісті келісімдер шеңберінде көзделген шекте жүзеге асырылады; 3) кең ауқымды көрермендер аудиториясына арналған ойын фильмдері үшін: 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - оларды шығарудың сметалық құнының тоқсан пайызынан; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - оларды шығарудың сметалық құнының сексен пайызынан; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап оларды шығарудың сметалық құнының жетпіс пайызынан аспайды. 4. Фильмдерді осы баптың 3-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган айқындайды. 5. Ұлттық фильмді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, алынған мемлекеттік қолдаудың пайыздық арақатынасына мөлшерлес көлемде аударымдарды жүзеге асырады. Осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген фильмдерді шығаруға мемлекеттік қолдау алған жеке және (немесе) заңды тұлғалар Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістердің жиырма пайызы көлемінде аударымдарды жүзеге асырады. 6. Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан консультативтік-кеңесші орган - Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады. Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру туралы шешімді уәкілетті орган Сараптама кеңесінің оң қорытындысы және Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымы негізінде қабылдайды.
13-бап. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 1. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз құрылтайшысы және акционері болып табылатын, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады. 1) жоғары орган - жалғыз акционер; 2) басқару органы - директорлар кеңесі; 4) Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жарғысына сәйкес өзге де органдар Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының органдары болып табылады. 3. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ішкі аудит қызметін құрады. 4. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының активтері мыналар:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасы3-бап. Кинематография саласындағы мемлекеттік саясаттың қағидаттары4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті5-бап. Уәкілетті органның құзыреті6-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті7-бап. Фильмді прокаттау және көрсету8-бап. Фильмдердің жас сыныптамасы9-бап. Фильмдерді прокаттау тілі10-бап. Фильмдердің түрлері11-бап. Қазақстан Республикасының аумағындағы Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі12-бап. Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау13-бап. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы14-бап. Ұлттық фильм15-бап. Кинематография саласындағы субсидия16-бап. Фильмдерді сақтау17-бап. Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі |