|
|
|
Қазақстан Республикасының Өзін-өзі реттеу туралы
Осы редакция 2018 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасы 3-бап. Өзін-өзі реттеу түрлері және оны енгізу 4-бап. Өзін-өзі реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттары 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 6-бап. Уәкілетті органның құзыреті 7-бап. Реттеуші мемлекеттік органдардың құзыреті 3-тарау. ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕЙТІН ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ 9-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымды құру және оның қызметін тоқтату 10-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның құрылтай құжаттары 11-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімі 12-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары 13-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы 14-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысын шақыру тәртібі 15-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы 16-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органы 17-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның мамандандырылған органдары 18-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның құқықтары 19-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның міндеттері 20-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары 21-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше болу (қатысу) 22-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымға жарналар 24-бап. Өзін-өзі реттеудегі мүдделер қақтығысы 25-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауы 26-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жауаптылығы 27-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүлкін қалыптастыру көздері 28-бап. Мүліктік жауаптылықты қамтамасыз ету тәсілдері 29-бап. Өзін-өзі реттеудегі мемлекеттік бақылау және қадағалау 30-бап. Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың құрылу және жұмыс істеу, оларға мүше болу (қатысу) шарттарын және олардың құқықтық жағдайын айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жеке мүдделілік - өзін-өзі реттейтін ұйымның және (немесе) оның мүшелерінің (қатысушыларының) құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін, өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің (қатысушысының), өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдарының құрамына кіретін адамның, еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде жұмыс істейтін жеке тұлғаның материалдық және (немесе) өзге де мүдделілігі; 2) кәсіптік қызмет - арнайы даярлық, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі нәтижесінде алған арнайы теориялық білімді, практикалық икемдер мен дағдыларды иеленуді талап ететін жеке тұлға қызметі; 3) өзін-өзі реттейтін ұйым - қызметтің, саланың, экономикалық қызмет түрлерінің, өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығының ортақтығы қағидаты бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің немесе кәсіптік қызмет субъектілерінің ерікті не міндетті мүшелігіне (қатысуына) негізделген, қауымдастық (одақ) нысанындағы немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйым; 4) өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары - өзін-өзі реттейтін ұйымның және оның мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайтын құжат; 5) өзін-өзі реттейтін ұйымның стандарты - өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) бірыңғай және міндетті қағидаттарды, олардың тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және қызмет түріне сипаттаманы көп рет пайдалану үшін талаптарды белгілейтін құжат; 6) өзін-өзі реттеу - осы Заңда көзделген, жеке және заңды тұлғалардың өздері жүзеге асыратын, өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын бекітуге, олардың сақталуына бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ өзін-өзі реттеу субъектілерінің мүліктік жауаптылығын қамтамасыз етуге негізделген кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызметті өз бетінше реттеуге бағытталған шаралар кешені; 7) өзін-өзі реттеудегі мүдделер қақтығысы - мүшелердің (қатысушылардың), өзін-өзі реттейтін ұйыммен еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жеке мүдделілігі өздерінің кәсіптік (мүшелік) міндеттерін орындауға ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін және (немесе) өзін-өзі реттейтін ұйымның заңды мүдделеріне зиян келтіруге немесе мұндай қайшылықтың туындау қаупіне алып келетін осындай жеке мүдделілік пен өзін-өзі реттейтін ұйымның заңды мүдделері арасында қайшылықтың туындауына әкеп соқтыратын жағдай; 8) өзін-өзі реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 9) өзін-өзі реттеу субъектілері - өзін-өзі реттейтін ұйымдар, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мүшелері (қатысушылары); 10) өтемақы қоры - өзін-өзі реттейтін ұйым, оның мүшелерінің (қатысушыларының) тұтынушылар мен өзге де тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайларда кепілдік төлемдерді жүзеге асыру үшін өзін-өзі реттейтін ұйымның мүлкін қалыптастыру көздерінен жинақталған ақша; 11) реттеуші мемлекеттік органдар - өзін-өзі реттеу енгізілген немесе оны енгізу жоспарланған, жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар.
2-бап. Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Өзін-өзі реттеу түрлері және оны енгізу 1. Өзін-өзі реттеу ерікті немесе міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделеді. 2. Ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет салаларындағы мемлекеттік реттеумен қатар өзін-өзі реттеу субъектілеріне және олардың қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардан жоғары талаптар белгілене отырып қолданылады. 3. Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласындағы міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу, осы Заңда айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде мемлекеттік функцияларды іске асырумен не мемлекеттік органдар орындайтын белгілі бір функцияларды беру қажеттілігімен ұштасатын қызмет салаларында енгізіледі. 4. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу үшін реттеуші мемлекеттік орган және мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өздері әзірлейтін құжаттардың жобаларына қатысты реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс. Белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу немесе нақты айқындалған проблемаларды шешу үшін реттеудің баламалы тәсілдерін бағалау арқылы міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді пайдалану бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру реттеушілік әсерді талдаудың мақсаты болып табылады. Реттеушілік әсерді талдау міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін жүргізіледі. Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері бойынша міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді қолдану тиімділігіне қарай оның енгізілуі, күші жойылуы немесе өзгеше тәсілмен қайта қаралуы мүмкін. 5. Өзін-өзі реттейтін ұйымдарды ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету саласында құруға болмайды.
4-бап. Өзін-өзі реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттары 1) отандық тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 2) отандық экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 3) нарыққа қатысушылардың тұтынушылар алдындағы жауаптылығын күшейту өзін-өзі реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады. 2. Өзін-өзі реттеудің жалпы қағидаттары мыналар: 1) заңдылық - барлық мүдделі тұлғалар құқықтарының сақталу шартымен осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзін-өзі реттеуді енгізу және жүзеге асыру; 2) теңдік - өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) тең құқықтары мен міндеттерінің болуы; 3) өзін-өзі қаржыландыру - мүшелік жарналар және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер негізінде өзін-өзі реттейтін ұйым қызметін қаржыландыру; 4) жауаптылық - өзін-өзі реттейтін ұйымдардың осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес осы өзін-өзі реттейтін ұйымдар мүшелерінің (қатысушыларының) әрекеттерімен келтірілген залал үшін үшінші тұлғалар алдында мүліктік жауаптылыққа кепілдік беру тетіктерін пайдалануы; 5) қызметтің ашықтығы - мүдделі тұлғалар үшін ақпараттың қолжетімділігі қамтамасыз етіле отырып, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың барынша ашық қызметі; 6) беделге тәуелділік (беделдік тәуелділік) - өзін-өзі реттейтін ұйымдар мүшелерінің (қатысушыларының) өздерінің іскерлік және кәсіптік беделіне тәуелділігі; 7) өзара көмек және мүдделерді қорғау - өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өздерінің мүшелеріне (қатысушыларына) көмек көрсетуі, сондай-ақ олардың мүдделерін қорғауы; 8) тәуелсіздік - Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметіне араласуға жол бермеу болып табылады. 3. Ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеудің негізгі қағидаттары мыналар: 1) бірігу еркіндігі - адамдардың өзін-өзі реттейтін ұйымға ерікті түрде бірігуі үшін таңдау; 2) саланың ортақтығы - өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), технологияның, өндіріс объектілерінің жұмыс істеу циклі кезеңінің ұқсастығы (ұқсас немесе сабақтас сипаттамалар) тән қызмет түрлерінің ортақтық белгісі бойынша кәсіпкерлердің бірігуі болып табылады. 4. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеудің негізгі қағидаттары мыналар: 1) тиімділік - мемлекеттік реттеу кезінде қойылған мақсаттарға неғұрлым тиімді қол жеткізуді қамтамасыз еткен жағдайда ғана өзін-өзі реттеуді енгізу жүзеге асырылады; 2) қайталауды болғызбау - өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты қосарланған бақылауды болғызбау мақсатында мемлекеттік органдар мен өзін-өзі реттейтін ұйымдар құзыретінің аражігін нақты ажырату болып табылады.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ФУНКЦИЯЛАРЫ
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады; 2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті 1) өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 3) реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша әдістемелік көмекті және реттеуші мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 4) реттеуші мемлекеттік органдар дайындайтын реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне сараптама қорытындыларын береді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді; 5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Реттеуші мемлекеттік органдардың құзыреті Реттеуші мемлекеттік органдар: 1) өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және уәкілетті органмен келіседі; 2) реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асырады; 3) тиісті аядағы (саладағы) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізеді; 4) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келіседі; 5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды, оның ішінде: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және олардың мүшелерінің (қатысушыларының) құқықтары мен заңды мүдделерін олар өтініш білдірген жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттерде білдіреді, қорғайды; 2) кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің міндетті мүшелігіне (қатысуына) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілген кезде, реттеуші мемлекеттік органдар жүргізген реттеушілік әсерді талдау түйіндерімен келіспеген жағдайда реттеушілік әсерге балама талдау жүргізеді; 3) кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын әзірлеуге жәрдемдеседі, сондай-ақ міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарына қорытынды ұсынады; 4) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп түсетін, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және олардың мүшелерінің (қатысушыларының) қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға сараптама жүргізу үшін жібереді; 5) кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) арасында, сондай-ақ олар мен өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар, өзге де тұлғалар арасында туындайтын дауларды шешу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төрелік қызметтерін көрсетеді; 6) «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүйесінде аккредиттеуді жүзеге асырады.
3-тарау. ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕЙТІН ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
9-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымды құру және оның қызметін тоқтату 1. Өзін-өзі реттейтін ұйым кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың бастамасымен не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылады және қызметін тоқтатады. Өзін-өзі реттейтін ұйым «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіппен ерікті немесе мәжбүрлі түрде таратылуы мүмкін. 2. Мүшелікті (қатысуды) иелену және жоғалту шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында және өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында айқындалады. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу кезінде олардың мүшелерінің (қатысушыларының) санына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. 3. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым таратылған жағдайда, оның мүшелері (қатысушылары) үш ай ішінде міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген басқа өзін-өзі реттейтін ұйымға кіру жарнасын төлемей кіруге міндетті. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде мұндай мүшелер (қатысушылар) кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызметті жүзеге асыруға құқылы. 4. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін бастау, сол сияқты тоқтату үшін негіз бұл туралы реттеуші мемлекеттік органға жіберілген хабарлама болып табылады. Хабарламаны жіберу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
10-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның құрылтай құжаттары 1. Өзін-өзі реттейтін ұйымның құрылтай құжаттары жарғы және құрылтай шарты болып табылады. 2. Өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында: 1) өзін-өзі реттейтін ұйымның атауы, орналасқан жері, қызметінің нысанасы мен мақсаттары; 2) өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуға қабылдау және оған мүше болуды (қатысуды) тоқтату шарттары мен тәртібі; 3) өзін-өзі реттейтін ұйымның ұйымдық құрылымы; 4) өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдарының құрылымы, қалыптастыру тәртібі, құзыреті және өкілеттіктерінің мерзімдері, өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының орналасқан жері; 5) өзін-өзі реттейтін ұйым органдарының, мүшелерінің (қатысушыларының) есептілік мерзімдері және олардың қызметін бақылау тәртібі; 6) өзін-өзі реттейтін ұйымның және оның мүшелерінің (қатысушыларының) құқықтары мен міндеттері, оның ішінде өздері қабылдайтын қағидалар мен стандарттарды орындау міндеттілігі; 7) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүлкін қалыптастыру көздері, оның органдарының мүлікті басқару бойынша құқықтары; 8) жарналарды енгізу, оларды нысаналы пайдалану және бұл туралы есептілік тәртібі; 9) өз мүшелеріне (қатысушыларына) ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы ақпарат беру тәртібі; 10) өзін-өзі реттейтін ұйымның құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі; 11) өзін-өзі реттейтін ұйымды қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдау, ол таратылған жағдайда мүлікті пайдалану тәртібі көзделуге тиіс. 3. Құрылтай шарты - құрылтайшылардың өзін-өзі реттейтін ұйымды құру туралы келісімі, онда оны құру бойынша бірлескен қызметтің тәртібі, өз мүлкін оның меншігіне (жедел басқаруға) беру және оның қызметіне қатысу шарттары айқындалады. Егер Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері туралы заңдарында өзгеше көзделмесе, онда өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін басқару, құрылтайшылардың оның құрамынан шығу шарттары мен тәртібі де белгіленеді. 4. Құрылтайшылардың келісімі бойынша құрылтай шартына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да шарттар енгізілуі мүмкін. Құрылтай шартына барлық құрылтайшылар немесе олар уәкілеттік берген адамдар қол қояды. 5. Құрылтай құжаттары өзін-өзі реттейтін басқа ұйымдарға мүшелікті (қатысуды) шектеулерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелерді көздеуі мүмкін.
11-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімі 1. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімі - өзін-өзі реттейтін ұйымдардың деректемелері, олар жүзеге асыратын қызмет түрлері, олардың филиалдары туралы мәліметтерді қамтитын, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген хабарламалардың негізінде қалыптастырылатын өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізбесі. 2. Мемлекеттік органдар өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру үшін хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан өзін-өзі реттейтін ұйымдар туралы ақпаратты олардан көрсетілген ақпаратты растауды қосымша талап етпей алуға міндетті. 3. Өзін-өзі реттейтін ұйымдар туралы ақпарат мүдделі тұлғаларға, мемлекеттік органдарға жұмыста пайдалану үшін электрондық анықтама нысанында беріледі.
12-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары Өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары мыналар: 1) өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы; 2) өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы; 3) өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органы; 4) өзін-өзі реттейтін ұйымның бақылау органы (ревизиялық комиссиясы) болып табылады. Өзін-өзі реттейтін ұйымда алқалы басқару органының функцияларын өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы жүзеге асыруы мүмкін.
13-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы 1. Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен және өз жарғысымен құзыретіне жатқызылған, өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің мәселелерін қарауға өкілетті, өзін-өзі реттейтін ұйымның жоғары басқару органы болып табылады. 2. Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы өз жарғысында белгіленген мерзімділікпен және тәртіппен, бірақ жылына бір реттен сиретпей шақырылады. 3. Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының құзыретіне мынадай: 1) өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысын бекіту, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу; 2) өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының басшыларын және мүшелерін сайлау, көрсетілген органның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату немесе басшыларының не оның жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату; 3) өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органының функцияларын жүзеге асыратын адамдарды лауазымға тағайындау, оларды лауазымынан мерзімінен бұрын босату, сол сияқты атқарушы басқару органын құру және оның өкілеттіктерін тоқтату; 4) өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленген тәртіппен өзін-өзі реттейтін ұйымның бақылау органының (ревизиялық комиссиясының) мүшелерін сайлау; 5) ықпал ету шараларын, оларды қолдану тәртібі мен негіздерін, өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын, өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше болу (қатысу) шарттарын бұзуы туралы істерді қарау тәртібін бекіту; 6) өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің басым бағыттарын, оның мүлкін қалыптастыру және пайдалану қағидаттарын айқындау; 7) алқалы басқару органының, атқарушы басқару органының, бақылау органының (ревизиялық комиссияның) және мамандандырылған органдардың есептерін өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімділікпен бекіту;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |