«Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 302 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 514 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 302 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 жыл, № 32-33, 183-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 514 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 302 қаулысымен бекітілген
Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы
Осы Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы (бұдан әрі - Алматы агломерациясының өңіраралық схемасы) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1434 (бұдан әрі - Бас схеманың негізгі ережелері) қаулысын ескере отырып өзектілендірілді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|