|
|
|
Елді мекендерде және қала сыртындағы автомобиль жолдарында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (2023.07.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 54-1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Елді мекендерде және қала сыртындағы автомобиль жолдарында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2023 жылғы 15 ақпандағы № 164 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |