Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері (2024.14.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетіне және Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 3. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ведомстволары республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясында) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органдар болып айқындалсын. 4. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын. 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне және оның ведомстволарына берсін. 6. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|