Ішкі істер органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы
«Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық оларға қатысты бөлігінде лауазымды адамдарға жеткізілсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 283 бұйрыққа қосымша
Ішкі істер органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік қорғау туралы заң) 1-бабын іске асыру мақсатында әзірленді және ішкі істер органдарының қылмыстық процеске қатысушы адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|