|
|
|
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтік оқу жүктемесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 391 Қаулысымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтік оқу жүктемесі бекітілсін. 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1262 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтік оқу жүктемесі
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін апталық оқу жүктемесінің нормативі мынадай болып белгіленсін: 20 сағат - жалпы білім беретін оқу орнының бастауыш сатысы үшін; 18 сағат - жалпы білім беретін оқу орнының негізгі және жоғары сатылары үшін; 18 сағат - кәсіптік бастауыш білім және кәсіптік орта білім беру ұйымдары үшін; 24 сағат - мектепке дейінгі ұйымдар үшін; 18 сағат - мектептен тыс ұйымдар үшін; 24 сағат - балалар және жас өспірімдер спорт мектептері үшін.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |