ҚР Әділет министрлігі 1999.14.06. № 44 Бұйрығымен ; ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 128 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 1998 ж. 16 наурыздағы № 181 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің 1. Біліктілік комиссиясының қызметі "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығында сот сараптамасы біліктілігін беру тәртібі туралы" Ереже негізінде жүзеге асырылады. 2. Біліктілік комиссиясының төрағасы комиссияның жұмысын жоспарлайды, мәжілістерді шақырады және басқарады, комиссияның жұмысы туралы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің алдында есеп береді. 3. Комиссияның хатшысы мәжілістерді өткізу үшін материалдар дайындайды және оларды комиссияға баяндайды, комиссияның жұмысы жөніндегі істерді жүргізеді, сот сараптамасы біліктілігі берілген адамдардың есебін жүргізуді жүзеге асырады. 4. Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі мәселені қарау үшін мына төмендегі материалдар комиссияға тапсырылады: - сот сараптамасы біліктілігін беру туралы негізделген ұсыныс; - кәсіби дайындықтың басшысы дайындаған пікір; - сынақтарды тапсыру туралы мәліметтер; - ізденушінің дайындық кезінде қатысқан сараптамалары бойынша бақылау ісін жүргізу. 5. Сот сарапшысы біліктілігін беру туралы мәселені комиссия бір ай мерзім ішінде қарайды. 6. Мәжіліс процесіне комиссия ұсынылған материалдарды тексереді, ізденушіден емтихан алады және кәсіби дайындық басшысы мен құрылымдық бөлімше басшысының пікірін тыңдайды. Талқылаудың нәтижесі бойынша комиссия оның дайындық деңгейін бағалайды және шешім қабылдайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|